«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тиімді жобалар тізбесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген 2024 жылға дейінгі жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жоспарланған. 

Бұл жобалардың ішінде Қызылжар ауданындағы  Петерфельд орта мектебін сенімгерлік басқаруға беру бар. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағдарламасы бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат колледжі мен жоғары медициналық колледжінің әрқайсысына 244 орындық жатақхана салынады. Тағы бір инвестор Петропавлдағы “Қопай” шағынауданында 1200 орындық мектеп тұрғызуға қаржылай атсалыспақ. Мектеп асханаларының, білім беру мекемелерінің бірқатары, “Олимп” мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі сенімгерлік басқару иелігінде.

Бүгінде “Петропавлда қоқыс сұрыптау кешенін салу және пайдалану” жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына кіргізіліп, оның жүзеге асырылуы үшін қалталы кәсіпкер іздестірілуде. Жобалардың бір бөлігі денсаулық сақтау саласына бағытталып, оңалту орталығын, оттегі станцияларын тұрғызу белгіленген.

2021 жылы жоспарланған жеті мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарлама пайдалануға берілді.

 Қайрат САДЫҚОВ,

 облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp