Бір айдың ішінде 70-ке жуық адам коронавирустан қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысында бір айдың ішінде 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, 70-ке жуығы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында бір айдың ішінде 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, 70-ке жуығы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда мектеп оқушылары өсімдік шаруашылығындағы тың әдіс – аэропониканы қолданып, республикалық байқауда екінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны үйдің жанына қалдырылған “ВАЗ-2107” автокөлігін таңертең орнынан таппаған соң бірден полицияға жүгінген.
Оқушылар сарайында “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында “Шексіз өнер” атты облыстық байқау өтті. Оған 86 өнерпаз қатысты.
Өзгелерді ажалдан арашалап қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігетін құтқарушылардың әрбірі құрметке лайық. Олар тәуліктің кез келген уақытында, аптап ыстық пен қақаған аязда отқа да, суға да түседі. Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Петропавлдағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру көліктерін жүргізуден аға нұсқаушы Мұрат Жүнісовпен сұхбаттасқан едік.
Мәңгілік ұран Найзағайдай жарқылдаған кенеттен, Шүйіліп кеп жауын мұңға кенелткен. Бөрі – қайрат атой салып жүректе, Жауын қуып, жаһаннамға жөнелткен.
Zoom платформасында өткен “Адал ұрпақ” мектеп клубтарының онлайн-слетіне облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласының белсенді балалары қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістер тыңдады.
Интеллектуалдық шығармашылық қабілет-қарымның иесі Абайда “Қайран тіл, қайран сөз” дейтін ұғымның түп бастауын былайша түсіндіреді: Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Тимирязев ауданындағы Дмитриевка мектебінде осы білім шаңырағының түлегі, саналы ғұмырын балалар тәрбиесіне арнаған Қайролла Мұқановтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылып, мұражай ашылды.
Облыстық полиция департаменті басшылығы мен консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің көшпелі кеңесі отырысында Тайынша қаласында стационарлық модульдік полиция бекетінің ашылғаны туралы айтылды.
Біздің өңір экономикасының негізгі өзегі – ауыл шаруашылығы саласы саналады. Ел қамбасына құйылатын бидайдың 30 пайызы теріскей алқаптарынан жиналады. Облыс диқандарының ерен еңбегі мен жаңашылдығының арқасында аграрлық сала жыл сайын дамып, жетістіктері де молайып келеді. Мемлекеттен берілетін демеуқаржы мен жеңілдетілген несиелердің арқасында ауыл шаруашылығы техникалары да жаңаруда. Биыл қуаңшылыққа қарамастан облыс шаруалары жақсы өнім алу …
“Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?” демекші, халықтың әбден бауыр басып қалған тұрғылықты мекенінен басқа жерлерге қоныс аударуына түрлі жағдай-ар түрткі болып жатады. Бүгінгі күні экономикалық ахуал мемлекеттік, басқа да құрылымдардың қатысуымен жүзеге аса-тын көші-қон үдерісінің басты себебіне айналып отыр. Адамдардың өзге өңірлерге түпкілікті ауысуы сол аймақтың демографиялық-әлеуметтік деңгейіне, тұрмыс және өмір сүру сапасына …
“Nur Оtan” партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер талқыланды. Облысымызда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған өңірлік жол картасы жұмыс істейді. Бұл жобаның басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 72,9 жасқа дейін арттыру. Жиынға қатысушылар жол картасының нәтижелерімен бөлісіп, денсаулық сақтау саласында туындаған мәселелерді …
Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасауы тиіс. Оқырманымыздың бұл сауалына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік бақылау басқармасының бас маманы Кәрімжан Дархан былай деп жауап берді.
Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Петропавлдағы Спорт сарайында сала мамандары арасында өткізілген спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды. Спорттық жарысқа өңіріміздегі ұйымдардан 12 команда қатысқан болатын.