«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЫСҚА ҰЗАЙ АЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны үйдің жанына қалдырылған “ВАЗ-2107” автокөлігін таңертең орнынан таппаған соң бірден полицияға жүгінген.

 Ұрланған автокөлікке қатысты патрульдік полиция батальонының нарядына бағдар беріліп, тәртіп сақшылары жолдардағы бақылауды күшейтті. Жарты сағат өткеннен кейін ав-топатрульдердің бірі Аққайың ауданының Аралағаш ауылы маңынан, яғни “Нұр-Сұлтан – Петропавл” автожолының 425-ші шақырымында белгілері бойынша ұқсас көлікті байқаған. Салонда болған ер адам орманда жасырынбақ болып қашқанымен, қолға түсті. Күдікті Петропавлдың 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдіктінің 15 тәулік әкімшілік жазасын өтеп шыққаны және жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар

бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp