Zoom платформасында өткен “Адал ұрпақ” мектеп клубтарының онлайн-слетіне облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласының белсенді балалары қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістер тыңдады.
Форумда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова сөз сөйлеп, оқушылар бойына рухани-адамгершілік, азаматтық-отансүйгіштік қасиеттерді орнықтырудағы “Адал ұрпақ” клубтары тарапынан атқарылып жатқан игі шараларға тоқталып, теріс әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
“Қағазға суретті қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де осыған ұқсас. Жасөспірімнің мінезі, азаматтық көзқарасы тек отбасы арқылы ғана емес, сонымен бірге мектеп арқылы да дариды. Жазушы Мұх-тар Әуезовтің “Халыққа сауат, білім керек. Оған оқу, тәрбие керек” деген сөздері бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тәрбие мен білім беру процесі ұштасқанда ғана жаман қылықтарға тосқауыл қоюға болады. Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу біздің қызметіміздің де басты бағдары болып табылады”, – деді Нұрлан Серікұлы.
Онлайн-конференцияда әдістемелік және ақпараттық технологиялар орталығының аға әдіскері Жазира Баукенованың, Аққайың ауданы №1 Смирнов орта мектебінің оқушысы Данияр Құдияровтың, тағы басқаларының дебаттық қозғалысты, ағартушылық жұмыстарды жандандыру, қылмысқа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі басқару қозғалысын жетілдіру тақырыптары бойынша баяндамалары тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурстар бойынша әлеуметтік бейнероликтер ұсынылып, бірқатар жо-балардың тұсаукесер рәсімі болды. Сондай-ақ онлайн-слетке Америка Құрама Штаттарының спикері, “Шеврон Корпорэйшн” (АҚШ-тың ең ірі интегр-цияланған энергетикалық компаниясы, әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі) жобаларын іске асыру жөніндегі бас кеңесші Джон Седлар қатысып, түрлі елдерде сыбайлас жемқор-лыққа қарсы саясатта алған тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында бірқатар өрендер “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубтарына мүшелікке қабылданды.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл департаментінің бас маманы.