«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мүдделер қақтығысы туындаса…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасауы тиіс.

Оқырманымыздың бұл сауалына Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік бақылау басқармасының бас маманы Кәрімжан Дархан былай деп  жауап берді.

“Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы” Заңының нормаларына сәйкес егер мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, онда мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

Қызметші туындаған мүдделер  қақтығысы туралы өзіне белгілі болған сәтте тікелей басшысын немесе мемлекеттік органның жетекшісін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Тікелей басшы немесе мемлекеттік органның жетекшісі  мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды:

– мүдделер қақтығысы, соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;

– мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

– мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы тиіс.

Сонымен қатар қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның жетекшілері өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Ермекбай БЕЙСЕНБАЕВ,

Қызылжар  ауданының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp