«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оңалту орталықтары көбейген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Оtan” партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер талқыланды. Облысымызда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған өңірлік жол картасы жұмыс істейді. Бұл жобаның басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 72,9 жасқа дейін арттыру. Жиынға қатысушылар жол картасының нәтижелерімен бөлісіп, денсаулық сақтау саласында туындаған мәселелерді шешу жолдарына тоқталды.

Аталмыш бағдарлама аясында биылғы жылы облыс орталығының Радищев көшесінде облыстық денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларының бастамасымен жатақхана салу жоспарланған. Алайда республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегендіктен, құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісовтің айтуынша, өңірімізге өзге облыстардан көшіп келген мамандарды баспанамен қамту өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Петропавлда “Дәрігер үйі” тұрғызылғанымен, қазіргі таңда мұнда бос бөлме жоқ. “Медициналық қызметкерлер баспананы жалдап тұруға мәжбүр”, – деген ол тұрғын үй құрылысын жүргізуді тездету керектігін сөз етті.

Облысымызда коронавирус дертінен жазылып шыққан науқастар үшін бірнеше емдеу мекемесінде оңалту шаралары жүзеге асырылады. Мысалы 9 ай ішінде көпбейінді облыстық аурухана жанындағы оңалту бөлімшесінде 600-ден астам сырқат ем алған. “Бүгінгі таңда өңірде коронавируспен 26 мың адам сырқаттанып, емделді. Солардың жартысы сырқаттың жеңіл түрімен ауырып, үйде емделсе, қалғаны инфекциялық стационарларға жатқызылды. Аурудың асқыну белгілері байқалған науқастар міндетті түрде оңалту бөлімшелеріне жөнелтіледі”, – дейді Құмар Күсе-місов.

Қоғамдық кеңес отырысында бұл мәселе бойынша аудандарда жүргізіліп жатқан шаралар барысы талқыланды. Науқастар қатарының көбеюіне байланысты Мағжан Жұмабаев ауданында 1 шілдеде науқастарды оңалту бөлімшесі ашылған. Содан бері мұнда 200-ден астам адам денсаулықтарын қалпына келтірген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp