«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМБАДАҒЫ ТҮЙІР ДӘН — НЕСІБЕ ОЛ БҰЙЫРҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің өңір экономикасының негізгі өзегі – ауыл шаруашылығы саласы саналады. Ел қамбасына құйылатын бидайдың 30 пайызы теріскей алқаптарынан жиналады. Облыс диқандарының ерен еңбегі мен жаңашылдығының арқасында аграрлық сала жыл сайын дамып, жетістіктері де молайып келеді. Мемлекеттен берілетін демеуқаржы мен жеңілдетілген несиелердің арқасында ауыл шаруашылығы техникалары да жаңаруда. Биыл қуаңшылыққа қарамастан облыс шаруалары жақсы өнім алу үшін барын салды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев айтып берді.

 

– Мейрам, Жақсылықұлы, биыл қанша алқапқа егін себіл-ді?

– Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 4,3 млн. гектарды құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 38,9 мың гектарға артық.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары 2 995,5 мың, оның ішінде бидай – 2,4 млн., майлы дақылдар – 957,6 мың, жемшөп дақылдары – 344,8, картоп – 31,9 мың  және көкөністер – 6,2 мың гектар жерге егілді.

– Биыл елімізде жауын-шашын аз болды, тіпті бірқатар облыстар қуаңшылықтың зардабын қатты тартты. Табиғаттың бұл тосын құбылысы жазы қоңыр салқын біздің өңірімізде де байқалды. Бұл жағдай астықтың шығымдылығына да әсер еткен болар.

– Табиғаттың биылғы құбылмалы қиындығы өңір диқандарын да біраз алаңдатқаны рас. Соған қарамастан шаруалар жылдағы қарқыннан таймай межелі мөлшерге дән сіңірді. Бүгінде егін жинау жұмыстары толығымен  аяқтады. Қазіргі күні шамамен 3 млн. гектар жерден дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Оның 3 млн. тоннадан астамы бастырылды, орташа есеппен гектарынан 11 центнерден айналды. Майлы дақылдар 739,5  мың гектардан немесе 77,2  пайыз жиналды, 390,9 мың тонна бастырылды, өнімділігі гектарынан  6,2 центнерден айналды. Картоп алқаптарының 90 пайыздан астамынан өнім жиналды. Жалпы  391  мың тонна картоп пен 73 мың тоннадан астам кө-көніс терілді.  

– Ғалымдар мол өнім алудың басты алғышарты жақсы тұқым мен технологиялар екенін айтуда. Біздің диқандарымыз дақылдардың сапасын арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр? 

– Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттыру үшін облыстағы шаруашылықтар  барлық қажетті агротехникалық іс -шараларды жүргізіп келеді. Бұл салаға заманауи технологиялар да қолданылуда. Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалана отырып, оңтайлы мерзімде атқарылды. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 504,4 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын (оның ішінде элиталық тұқымдар – 45,9 мың тонна, бірегей және супер-элиталық тұқымдар – 4 мың тон-на, 1 репродукция – 126,2 мың тонна, 2-3 репродукция тұқымдары – 327 мың тонна) септі. Сорт жаңарту 9 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда  0,3 пайызға  артық.

Топырақтың құнарлығын сақтау және шығымдылығын арттыру үшін облыс аграрилері 2,3 млн. гектар алқапта  149,7 мың тонна тыңайтқышты уақытында енгізді, барлық белгіленген 3,4 млн. гектар алқапта егістікке гер-бицидтік өңдеу және 691 мың гектар алқапта зиянкестерге және 553 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдарының аурула-рына қарсы күрес бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізілді. 

– Диқандарға жыл сайын мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Шаруаларға үстіміздегі жылы көрсетілген көмек туралы айтып өтсеңіз.   

– Мемлекеттік қолдаумен  ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің  барлық циклы қамтылған, қызметтер көрсету бизнеске арналған “Qoldau.kz” цифрлық платформасы  арқылы автоматтандырылған (электрондық) режімде жүзеге асырылады.

Биыл аграрлық секторды дамыту үшін ел қазынасынан 48,4 млрд. теңге бөлінді.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге: тұқым шаруашылығын, пестицидтерді, тыңайтқыштарды, инвестициялық салымдар кезінде, мал шаруашылығын дамытпақ болса,   қайта өңдеу кәсіпорындарын ашса және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қарастырылған. Бұл көмекке өңірдегі барлық шаруашылықтар жүгіне алады.

– Облысымыздың  машина-тракторлық паркі қалай жаңаруда?

– Өңірде жыл сайын егіс алқаптары ұлғаюда және тиісінше технологияларға қойылатын талаптар өсуде. Ауыл шаруашы-лығы техникасын жаңартуға қажеттілік те артып келеді.  Мәселен, өткен жылы шаруашылық басшылары  жалпы сомасы 50,9 млрд. теңгеге 2085 бірлік заманауи техника мен жабдық сатып алды, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту 3,1 пайыздан 4,2 пайызға дейін ұлғайды.

Үстіміздегі жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қосымша 54,9 млрд. теңгеге 2016 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын, оның ішінде 453 трактор, 185 комбайн, 426 дән сепкіш, 86 егіс кешенін сатып алды. Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу 1,2 есеге өсті. 

Ел деңгейінде жүзеге асырылып келе жатқан субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникаларын кәдеге жарату бағдарламалары өңірімізде қазіргі заманғы техникаларды өндіру ісін жолға қоюға ықпал етуде. Инвестициялық субсидиялау бойынша аграрилер мемлекеттен техника құнының 25 пайызына дейін өтем ала алады. Ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату бағдарламасы бойынша астық жинау комбайнын сатып алуға 2 млн. және трактор сатып алуға 1 млн. теңгеге дейін жеңілдіктер алу көзделеді.

Сондай-ақ облыста аграршылар үшін техниканың негізгі түрлерінің құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мысалы, биыл әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші “CLAAS” зауыты ашылды. Кәсіпорын толық қуатта жұмыс істей бастаған кезде  астық жинайтын комбайндарды, тракторларды және егіс кешендерін ірі тораптық жинау жүргізіледі.  Аграршылар қосымша құн салығын  төлеуден босатылған. Оларға кәдеге жарату алымы мен субсидиялау есебінен төмендетілген бағамен техникалар сатып алу қолжетімді.

– Жиналған астықты сақтау мәселесі қалай шешілуде? Облысымыздағы элеваторлар мен астық қабылдау пункттері қанша көлемде  дақыл қабылдай алады?

– Біздің облыс ірі астық өндіруші аймақ болғандықтан өсірілген дақылдарды ысырап етпей, сақтау маңызды мәселелердің бірі саналады. Өңірде сыйымдылығы  6,6 млн. тонна астық сақтау қоймалары бар.  Олар өңірде өндірілген астықтың толық сақталуын  қамтамасыз ете алады.

Бүгінгі таңда элеваторлар  800 мың тоннадан астам, оның ішінде 700 мың тонна бидайды  қабылдады. (Жұмсақ бидайдың 3-сұрыбы 90 пайызды құрады). Бұл ретте облыс аграршылары қолда бар сыйымдылықтарды кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Мысалы, Петропавл қаласында ұзақ уақыт тұрып қалған элеватор “Бетеге-У” (бұрынғы “Колос” элеваторы, “ТрансАвто” БК ЖШС), сондай-ақ “Азия-Тарангул” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан астық қоймасын айтуға болады.

– Жыл сайын орақ науқаны кезінде дизель отыны қымбаттап кетеді. Бұл шаруаларға айтарлықтай салмақ салады.  Бірақ соңғы жылдары диқан-дарға жанармай жеңілдетілген бағамен саудалануда.

– Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге облысымыздың диқандарына 75,3 мың тонна  жанар-май қажет. Биыл осыншама мөлшердегі жанармай көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген бағамен бөлінді. Атыраулық компаниядан тоннасын 187000 теңгеге және Павлодар мұнай-химия зауытынан 189000 теңгеге сатып алдық. Дизель отынын тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізу бойынша операторлар айқындалды. Барлық шығындарды ескере отырып, диқандар үшін дизель отынының негізгі бағасы литры 185 теңгеден сатылды. Дизель отынын жеткізу кестеге сәйкес шілде-қыркүйек айлары аралығында жүргізілді. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар мұнай-химия зауытынан 4700 тонна көлемінде жемшөп дайындау жұмыстарын жүргізу үшін қосымша дизель отынын бөлді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен

 Сағындық Мауғазин,

“Soltüstık Qazaqstan”.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp