«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тимирязев ауданындағы Дмитриевка мектебінде осы білім шаңырағының түлегі, саналы ғұмырын балалар тәрбиесіне арнаған Қайролла Мұқановтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылып,  мұражай ашылды.

Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Үмітжан Нұртазина, аудандық мәслихаттың хатшысы Айман Асанова, зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер қатысты.

Ауыл тұрғыны Сайлау Жолдаяқов, марқұмның қызы Сара Қайроллақызы, тағы басқалары өлкетанушы, тарихшы, ардагер ұстаз жайлы естеліктерімен бөлісті. Асыл азамат 1949 жылы Дмитриевка жетіжылдық мектебін бітіргеннен кейін оқуын Октябрь ауданында жалғастырып, онбіржылдықты күміс медальмен тамамдады. Алматыдағы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін аяқтаған соң елге оралып, ұстаздық еңбек жолын бастайды. Оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарады. Ширек ғасырға жуық облыстық оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті.

Ол  “Ақын ізі”, “Ынтымақ ауылы”, “Ұстаз ұлағаты”, “Көркем сөздің шебері” секілді кітаптар мен жинақтардың авторы. Еңбегі “Құрмет белгісі” орденімен, КСРО және ҚССР халық ағарту ісінің үздігі төсбелгілерімен, “Ыбырай Алтынсарин” медалімен, құрмет грамоталармен бағаланды.

 Мұражайға әр жылдары жарық көрген мақалалар топтамасы, зерттеу еңбектері қойылды.

Самат ЖҰМАТАЙҰЛЫ,

 облыстық “Қазақ тілі”  қоғамының төрағасы.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp