«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнерде шектеу жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында “АРДОС-Жүрек” мүгедектер бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында “Шексіз өнер” атты облыстық байқау өтті. Оған 86 өнерпаз қатысты.

Жылда өтетін шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында талантты әрі өнерлі азаматтарды анықтап, оларға қолдау көрсету. Қатысушылар хореография, вокал, сәндік-қолданбалы және аспаптық өнер, көркемсөз, көркемөнер секілді 6 аталым бойынша бақтарын сынады. Байқау қорытындысында жеңімпаздар әр аталымда Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Қызылжар ауданындағы Рассвет ауылының тұрғыны Светлана Величко – 3-ші топтағы мүгедек. Қолөнермен бала кезінен шұғылданады. Ол көбіне түрлі-түсті ұсақ моншақпен жұмыс істегенді жақсы көреді. Байқауға ермексаздан Олимпиада чемпионы, жерлес спортшы Александр Винокуровтың мүсінін жасап әкеліпті.

– Бұл мүсінді мен қаланың кіреберісіне орнатылған мүктен тұрғызылған бейнеге қарап жасадым. Ермексазбен жұмыс істеген қатты ұнайды. Қиялымдағы өнер туындысын жасауға мүмкіндік аламын, – дейді байқаудың сәндік-қолданбалы өнер аталымының ересектер арасындағы жеңімпазы Светлана Величко.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp