«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір айдың ішінде 70-ке жуық адам коронавирустан қайтыс болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында бір айдың ішінде 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, 70-ке жуығы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 128 адам анықталған. Бір айдың ішінде 3021 адамнан қауіпті инфекция анықталса, соңғы екі апта бойы ауырғандар саны жүзден жоғары болып, 1874-ке жеткен.

 Қазір облыстың инфекциялық стационарларында 759 адам емделіп жатыр. Осылайша емдеу мекемелері 47%-ға жүктелген. Карантинде 18 адам, жансақтау бөлімшелерінде 51 сырқат жатыр.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған екі адам қайтты. Осылайша ауырып, қайтыс болғандардың саны 260-қа жетті. Оның 68-і соңғы бір айдың ішінде көз жұмды.

https://www.inform.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp