«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұртқа жақын полиция

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті басшылығы мен консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің көшпелі кеңесі отырысында Тайынша қаласында стационарлық модульдік полиция бекетінің ашылғаны туралы айтылды.

 Жаңа стационарлық бекет қаладағы спорт кешенінің аумағында орналасқан. Бекетке сегіз бейнебақылау камерасы қосылған, оның көмегімен учаскелік инспекторлар Тайынша №4 орта мектебінің ғимараты мен көшелерге бейнебақылауды жүзеге асырады. Модульдік полиция бекетінің жалпы ауданы 21 шаршы метр, ол коммуникацияларға қосылған, сондай-ақ кеңсе жиһаздарымен жабдықталған. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев, аудан әкімі Руслан Анбаев пен консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов бекеттің жабдықталуы мен тәулік бойы қызмет атқару жағдайымен танысты. Аудан полицейлеріне сеніп тапсырылған аумақта қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар полиция жұмысының сервистік моделінің форматында халыққа жан-жақты көмек көрсету де тапсырылды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және

сыртқы коммуникациялар

бөлімінің аға инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp