«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің үздік 30 ауылы анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұлға-достық» қоғамдық қоры «Үздік 30 ауыл» республикалық жобасын жүзеге асырды. Осылайша әр өңірдегі болашағы зор елді мекендер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үздік 30 ауыл» жобасының авторы – ақын, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан.

Мақсаты – үздік ауылдарды анықтап, өзгелерге үлгі-өнеге ету, ауылын көркейтуге үлесін қосып жүрген азаматтарды дәріптеу, сол арқылы кәсіпкерлердің, жастардың назарын туған ауылға бұру.
Жоба аясында үздік ауылдар енген анықтамалық альбом жасалды. Оған әр облыстан 2-3 елді мекеннен кірді.

Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы және Қызылжар ауданындағы Новоникольск елді мекені үздіктер қатарынан көрінді. Алматы облысының үздік ауылдары:

 Қарасай ауданының Шамалған ауылы

 Алакөл ауданының Жыланды ауылы

 Панфилов ауданының Көктал ауылы

 Ақмолаоблысының үздік ауылдары:

Целиноград ауданының Родина ауылы

 Жақсы ауданының Жақсы ауылы

 Ақтөбе облысының үздік ауылдары:

Қобда ауданының Қобда ауылы

 Мәртөк ауданының Мәртөк ауылы

 Атырау облысының үздік ауылдары:

Махамбет ауданының Махамбет ауылы

Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылы

Батыс Қазақстан облысының үздік ауылдары:

Бәйтерек ауданының Дариян ауылы

 Тасқала ауданының Шежін ауылы

Жамбыл облысының үздік ауылдары:

 Қордай ауданының Әлжан ана ауылы

 Т.Рысқұлов ауданының Абай ауылы

 Қарағанды облысының үздік ауылдары:

Нұра ауданының Шахтер ауылы

Нұра ауданының Қайнар ауылы

Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылы

Қостанай облысының үздік ауылдары:

 Қарасу ауданының Қарасу ауылы

Федоров ауданының Федоров ауылы

Қызылорда облысының үздік ауылдары:

 Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы

 Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылы

Маңғыстау облысының үздік ауылдары:

Маңғыстау ауданының Онды ауылы

Түпқараған ауданының Таушық ауылы

Павлодар облысының үздік ауылдары:

Шарбақты ауданының Орловка ауылы

 Ақсу ауданының Евгеньевка ауылы

 Түркістан облысының үздік ауылдары:

 Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылы

 Кентау ауданының Байылдыр ауылы

Шығыс Қазақстан облысының үздік ауылдары:

 Шемонаиха ауданының Камышинка ауылы

Жарма ауданының Шалабай ауылы

 Үздік деп танылған ауылдардың өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында марапатталды.


https://www.inform.kz/

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp