«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде бір жылдың ішінде тұрғындар саны 6 мың адамға азайған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар саны бір жылдың ішінде 6 мың адамға азайып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО экономика басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 540 мың адам бар. Былтыр осы кезеңде тұрғындар саны 546 мың болған. Халық санының кемуіне көші-қонның азаюы негізгі себеп болған. Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірден 3 008 адам кеткен. Былтырғы көрсеткіш – 2 413 адам. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында облысқа келгендердің де кеткендең де саны азайған. Мәселен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, келгендердің саны 9,6 %-ға, ал кеткендердің саны 3,1 %-ға қысқарды.

https://www.inform.kz/

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp