«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕРТ ӘЛІ ДЕ ДЕС БЕРМЕЙ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде  қауіпті дертке шалдыққандар саны  жүзден кемитін емес. Тек бір айдың ішінде 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, 70 сырқат көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қазанда облыста коронавирус жұқтырған 139 адам анықталған. Әдеттегідей ауырғандар санынан Петропавл қаласының үлесі жоғары, облыс орталығында 39 адам дертке шалдыққан. Қызылжар ауданында – 18, Мағжан Жұмабаев ауданында – 15, Жамбыл ауданында – 12, Есіл, Айыртау аудандарында – 11, Мамлют ауданында – 10, Аққайыңда – 8 науқас тіркелді.

Бүгінде облыстың инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырғандарға арналған 1600 орын бар, онда 736 адам ем  алуда. Жансақтау бөлімшелерінде 51 сырқат жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp