«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекетаралық іздеуде болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста өткен «Нелегал – кордон» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде базарлар, құрылыс нысандары, фермерлік шаруашылықтар мен өзге де орындар полицейлердің ерекше назарында болды.

 Тексеріс нәтижесі бойынша 19 адам шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңнаманы бұзғаны үшін басқа мемлекеттердің 44 азаматының елімізде жүру  мерзімі қысқартылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында үш қылмыскер ұсталды. Оның біреуі адам саудасы бойынша мемлекетаралық іздеуде болған, Есіл ауданында жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, іздеу бастамашысына хабарлама жіберілді.

Ермек НҰСЫРБАЕВ,

облыстық көші-қон қызметі басқармасы бастығының

 міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp