«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫРОЙЛЫ БОРЫШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел бойынша қыркүйектің 1-нен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл пандемияға байланысты болашақ сарбаздарға хабарламалар SMS түрінде жіберілді.  

Осы жылы күзгі науқанда өңірімізден Отан алдындағы борышын өтеуге 544 жас азамат аттанады деп жоспарланып отыр. Бүгіндері облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің шешімімен өңірімізде 21 әскери команданы құру жұмыстары басталған. Мерзімді әскери қызметке шақырту алғандар медициналық, психологиялық тексерістен бөлек, 2 мәрте ПТР-тестілеуден өтеді. Алғашқысын бөлімге аттануға 2 күн қалғанда тапсырса, екіншісін болашақ жауынгерлерден белгіленген жерге жеткен кезде алады. Қазіргі уақытта облыс орталығынан әскер қатарына 200-ге жуық сарбаз жөнелтілді. Енді олар шекара мен күзет қызметтеріне тиесілі бөлімшелерде қызмет ететін болды. Жалпы мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғасады.

Айман ӘБЖАПБАРОВА,

облыстық қорғаныс істері жөніндегі

департаменті баспасөз қызметінің бастығы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp