«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮМІСТІ МІСЕ ТҰТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтті. 3 күнге созылған жарыста еліміздің 7 қаласынан 200-ге тарта акробат бақтарын сынады. 

Біріншілікке жастар мен жасөспірімдер қатысты. Биыл республикалық дода Қызылжар төрінде осымен 7 рет ұйымдастырылды. Спортшылар спорттық акробатиканың 5 түрі бойынша сынға түсті. Топтық жаттығуларда ер балалар, бұрымдылар өз араларында мықтыны анықтаса, кейін аралас жұптар сайысты. Одан соң ұлдар мен қыздар дуэттері арасындағы жүлделі орындар сарапқа салынды.

Өкінішке қарай, жарыс қорытындысы бойынша ерлер командалары арасындағы топтық жаттығуларда ғана жерлестеріміз қанжығаларын майлап, екінші орынды місе тұтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp