«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желілер жаңартылуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Солтүстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы» акционерлік қоғамы  тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету үшін жабдықтар мен негізгі құралдарды жөндеу және қайта жаңартуға биыл 1,7 млрд. теңге бөлген. Бұл қаржыға  Петропавл қаласында, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарында орналасқан бірнеше трансформатор мен қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жаңа нысандардың бой көтеруі мен шағынаудандардың кеңеюіне және олардың инфрақұрылымының дамуына байланысты электрмен жабдықтау желілеріне қосылатын нысандардың саны артып келеді. Осы ретте қаланың қосалқы станцияларында орнатылған қолданыстағы трансформаторлардың қуатын арттыру көзделген. Бұл мәселені кәсіпорын 2021-ші жылға арналған инвестициялық бағдарламаға енгізді. Ол үшін Шымкент қаласынан 120 млн. теңге тұратын 2 жаңа трансформатор сатып алынды. Қазіргі таңда олардың біреуі «Солтүстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясының» аумағында орналасқан.

Кәсіпорын бас директорының орынбасары Виталий Феськоның айтуынша, 3-ші қосалқы станция қаламыздың орталық бөлігін, яғни Гашек пен Интернационал, Пушкин және Әуезов көшелерін электрмен жабдықтауды жүзеге асыруда.

– Осы ретте тұтынушыларға сапалы және үздіксіз қызмет көрсету үшін біз жабдықтардың қуаттылығын 16 мың киловольт-амперден 25 мыңға ауыстырдық. Жүктеменің артуына байланысты бұл жұмыстар электр жабдықтарын жаңғыртуға бағытталған. 2020-шы жылы трансформатор 6 мың 300 килавольт-амперден 10 мың килавольт-амперлі қосалқы трансформаторға ауыстырылды. Жалпы 2021-ші жылы бұл мақсаттарға 250 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Сол себепті қосалқы станциялар мен трансформаторларда жөндеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз. Осы жылдың желтоқсан айында қондырғыларды қосу жоспарланған, – деді Виталий Фесько.

Қаладағы Жұмысшы кентінде орналасқан қосалқы станция 1999 жылы салынған.  Ол 7 мыңға жуық тұрғынға және 3 мектеп пен балабақшаға қызмет көрсетеді. Қондырғылардың көбі тозғандықтан, жарық жиі сөніп қала беретін. Бүгінде бұл мәселе жолға қойылды. 1982  жылы салынған Нұрсұлтан Назарбаев және Е. Бөкетов көшелерінің қиылысында орналасқан қосалқы станцияның қоңдырғылары да 86 пайызға тозған. Бұл жерде де мамандар жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Осылайша энергетиктер тозығы жеткен ескі қондырғыларды жаңарту арқылы мәселені біртіндеп шешуде.

Сағындық МАУҒАЗИН,

«Soltüstіk Qazaqstan».

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp