«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРШАҒАН ОРТА – ҚОРҒАУҒА ЗӘРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері дәстүрлі онлайн-диалогты табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың алдын алуға арнады. Өңірімізде жыл басынан бері бұл салада  705  әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 421-і аң, 284-і балық аулау ережесін бұзғандар. Заңсыз ағаш кесу бойынша 9 әкімшілік материал әкімшілік соттарға жіберілді. Экологиялық қылмыс фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды, оның 10-ы – заңсыз аң аулау фактілері болып отыр. Қоршаған ортаны, аңдар мен орман алқаптарын сақтау – жергілікті полиция қызметінің міндеттерінің бірі. Бұл бағытта полицейлер орман және жануарлар әлемімен айналысатын мамандармен, сондай-ақ басқа да мүдделі органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Онлайн-диалог жайлы хабарландыру облыстық полиция департаментінің  әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында алдын ала жарияланды. Шара барысында желі қолданушыларын жалға алынған су қоймаларында балық аулау тәртібі, сирек кездесетін шаянтәрізді «Artemia salina»-ны заңсыз аулау үшін қандай жауапкершілік көзделгендігі, сондай-ақ қай ауданда елікті, маралды және қабанды рұқсатсыз ату фактілері жиі тіркелгендігі қызықтырды. Полицейлер әр сұраққа жауап берді. Браконьерлік фактілер аймаққа байланысты емес, жабайы жануарлардың қоныс аудару жылдамдығына тәуелді екендігі баса айтылды.

Облыстық полиция департаменті сервистік полиция моделіне көшу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Егер азаматтарда жануарлар әлемін, орман алқабын пайдалану бойынша сұрақтар туындаса, аумақтық ішкі істер органдарына, полиция бөлімдеріне хабарлауға болады.

Әлішер ЖАРАМАҒАМЕТОВ,

жергілікті полиция қызметі басқармасы

табиғатты қорғау полициясы тобының

 инспекторы, полиция капитаны. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp