«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.10.2021

ҚҰТҚАРУШЫЛАР – МҰЗ АЙДЫНЫНДА

Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің кубогы өтті. Жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, жерлес құтқарушылар жеңімпаз атанды.

ТҮРМЕДЕГІ ТІГІН ЦЕХЫ

Петропавлдық дизайнер Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/6 мекемесінде қайырымдылық курсын ұйымдастырды. Үш ай бойы сотталғандар ерлердің және әйелдердің сәнді, сұранысқа ие киімдерін және аксесуарларды тігіп үйренеді.

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ

Туберкулез (құрт ауруы) ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa  бактериялар  түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру.  Бұл дерттің ашық түріне шалдыққан адамның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Ол жерге түскен кезде шаңмен араласады. Шаңды ауамен демалған адамның туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ адам туберкулезбен ауырған үй жануарының шикі сүтін ішкенде, етін шала пісіріп жегенде, ауру жануарға күтім жасау …

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ Read More »

ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерге Қазақстан азаматтарынан бөлек, елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да құқылы.

АҒАШ АРАСЫНАН СЫҒАЛАҒАН КҮН

Шалдың есік алдында отырғанына  біраз болды. Бұл шыққанда күн енді еңкейіп, ауылдың батыс бетіндегі ағаштардың арасынан сығалап тұрған. Кәрі көзді қарықтырмайтын осы сәт өзіне керемет ұнайды. Туып-өскен жері қырдың қайың-терегі аралас орманды алқабы болатын. Бала кезінде қыстақтағы тамның алдында ескі күпіге оранып отырып ағаш арасынан күнге қарап отырғанды ұнататын. Онда әкесінің жас кезі, бұның сығырая …

АҒАШ АРАСЫНАН СЫҒАЛАҒАН КҮН Read More »

АБАЙДЫҢ АЙТҚЫШТЫҒЫ

(Басы өткен сандарда). Абайдың әрбір толғамы, әрбір сөзі, әрбір ойы – ғасырлық ой, ға­сырлық сөз, ғасырлық жұмбақ тәрізді. Ойшыл-хакім әрбір уақиғаны әсерлі, шынайы әңгімелейді, ғибрат айтады, рухани кемелдікке тәрбиелейді, тағдырыңа жәрдемдеседі, мейірлендіреді, ойландырып жігерлендіреді, адамшылық парызыңды нақтылап түсіндіреді.

СЫРҚАТТАНҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – ҚАЛАЛЫҚТАР

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 27730 адам жұқтырды. Өткен тәулікте облыста 140 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның 130-ында ауру белгілері байқалған. 455 жағдай сырттан әкелінген деп тіркелді.

Республикалық кезеңге жолдама

Президенттік олимпиада республикалық және халықаралық сайыстарға қатыспаған 11-сынып оқушылары арасында жыл сайын 3 кезең бойынша (өңірлік, іріктеу, республикалық) өткізіледі. Олимпиаданың әрбір қатысушысы  төрт (математика, физика, химия және биология) пән бойынша тапсырмаларды орындайды. Биылғы оқу жылында олимпиаданың ХІY өңірлік іріктеу кезеңінде 20 үміткеріміз бақ сынады. Білім додасы Оқушылар сарайында «oqylyq.kz» платформасында  ұйымдастырылды.

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР

Өңірімізде өткен «Жастар диалогы: Қазақстан – Ресей» атты халықаралық форум жас ұрпақтың игі бастамаларына қолдау көрсетіп,  еріктілер қозғалысын одан әрі дамытуды көздеді. Облысымызға келген Ресейдің бір топ жастары диалогтық әріптестікті арттыру маңызды екенін айтты.  

КӨРІКТІ ӨЛЕҢ, КӨРНЕКТІ ОЙ ИЕСІ

Саналы ғұмырының 48 жылын облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінде өткізген өңірімізге белгілі ақын, журналист Болат Қожахметовтың  тырнақалды өлеңі 1961 жылы жарық көрген. Содан бері поэзия әлемімен бірге тыныстап, жүректен шыққан кәусар да сырлы жырларымен жырсүйер қауымды қуантып келеді. Бүгінде 75-тің төріне озған Болат ағамыздың қаламынан туған «Аспандағы арғымақтар», «Жыр борайды» «Өзім және өзгелер жайында»  жинақтары көркемдікке, …

КӨРІКТІ ӨЛЕҢ, КӨРНЕКТІ ОЙ ИЕСІ Read More »

Туу көрсеткіші төмен

Мамлют аудандық ауруханасында оң өзгерістер аз емес. Биыл аурухана ғимараты ішінара жөндеуден өтіп, төңірегі абаттандырылды. Тозығы жеткен медициналық аппараттардың орнын заманауи жабдықтар алмастырды. Мұның өзі дертті жандардың сырқатын ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Осыған дейін аурухана қаражатына феталдық монитор, “Pentax HOYA Corporation FG-24V” фиброгастроскопы, 2 электрокардиограф, 2 санитарлық автокөлік, “Ардигност-8” рентгендік диагностикалық стационарлық РДК кешені, …

Туу көрсеткіші төмен Read More »

«Нағыз батырлар, шынайы патриоттар» – шығармашылық толқынға арналған мәдени сынақ

1997 жылдың 18 қазанында Рухани келісім күні Қазақстанда үлкен іс-шара өтті. Бүкіл ел бойынша бір мезгілде 60 мың адам мерекелік үстел басына отырды. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы отандық және шетелдік демеушілердің қолдауымен облыстар мен аудандарда ұйымдастырған қайырымдылық түскі ас еді. Біз 120 мың АҚШ долларынан астам қаражат жинай алдық. Әр үстелде дұға оқылып, ризашылық білдірілді, …

«Нағыз батырлар, шынайы патриоттар» – шығармашылық толқынға арналған мәдени сынақ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДАН КЕЛГЕН КЕРУЕН

Нұр-Сұлтан қаласында үстіміздегі жылғы тамыздың соңғы онкүндігінен бастап әр аптаның демалыс күндері еліміздің барлық өңірлеріндегі азық-түлік тауарларын өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде. Мұндай сауда-саттық елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында іске асырылып отыр.  Елорда тұрғындары тауар өнімдерін нарық бағасынан 15-20  пайызға арзанға сатып алу мүмкіндігіне ие болуда.  

Ән-шашу

Ақан сері атындағы облыстық  филармонияда Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтай ел қайда» атты  концерті өтті.

АРҚАЛЫ АҚЫН ЕДІ

И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапхана жанынан құрылған «Sana» әдеби-музикалық клубы өңірімізден шыққан қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды көздеп отыр. Жуырда клуб мүшелері   ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановты еске алуға арналған жиын өткізді.

КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ

Ел Тәуелсіздігімен бірге жасасып келе жатқан Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның орны мен үшін бөлек. Сол кездердегі қиындықтардың өзін ерекше тебіреніспен, сағынышпен еске аламын. Алыстан көз тартатын ерекше ғимарат ұлт жанашырларының белсенді қозғалысы, жұртшылықтың қолдауы  арқасында салынғанын қазіргі жастар біле бермеуі мүмкін. 

ЕГЕМЕНДІКПЕН БІРГЕ ЕҢСЕ ТІКТЕГЕН

Облыс орталығындағы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның  бой көтергеніне биыл ширек ғасыр толды.  Шаhардағы тұңғыш қазақтілді білім шаңырағын әу баста қазіргі Нұрсұлтан Назарбаев пен К.Либкнехт көшелері  қиылысы аумағында салу жоспарланған. Алайда қалалық атқару комитетінің  шешіміне облыстық «Қазақ тілі» қоғамының белсенділері мен Ақсақалдар алқасының мүшелері қарсы шықты.

Шәкірттеріммен мақтанамын

Ұжым қатарына алғаш қабылданғаным әлі күнге дейін жадымда жаңғырып тұр. 1996 жылы Петропавл педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, ыстық әсерден арыла алмай жүргенде қазақ гимназиясы ашылғалы жатыр деген хабарға елең ете қалдым.