«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Республикалық кезеңге жолдама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президенттік олимпиада республикалық және халықаралық сайыстарға қатыспаған 11-сынып оқушылары арасында жыл сайын 3 кезең бойынша (өңірлік, іріктеу, республикалық) өткізіледі. Олимпиаданың әрбір қатысушысы  төрт (математика, физика, химия және биология) пән бойынша тапсырмаларды орындайды. Биылғы оқу жылында олимпиаданың ХІY өңірлік іріктеу кезеңінде 20 үміткеріміз бақ сынады. Білім додасы Оқушылар сарайында «oqylyq.kz» платформасында  ұйымдастырылды.

Бірінші  кезеңде  қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалар тестілеу түрінде өтіп, әр пәннен 15 сұрақ берілді. Екінші турда республикалық «Дарын» орталығынан жолданған  тақырыптар негізінде эссе жазу ұсынылды.

«Барлық облыстарға «Дарын» республикалық орталығының жауапты қызметкерлері жіберіліп, тапсырмалардың орындалуын жіті бақылады. Біреуден көмек сұрауға, әрлі-берлі жүріп-тұруға қатаң тыйым салынды. Ереже бұзушылық тіркелсе, жүйе автоматты түрде өшеді. Талапкерлерге калькулятор мен Менделеев кестесін қолдануға рұқсат берілді», – дейді ұйымдастырушылар.

Оқушылар сарайында  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша  Президенттік олимпиаданың ХІY іріктеу кезеңінің қорытындылары шығарылып, онда сөйлеген сөздерінде облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Татьяна  Протопопова, білім саласындағы әдістемелік және  ақпараттық технологиялар оталығы директорының орынбасары Болатхан Жүсіпов  облыс бестікті түйіндегенін, ал айтулы бәсекенің республикалық кезеңіне 8 оқушының іріктеліп алынғанын жеткізді.

  Бақыт ҒАБДУЛЛИНА,

 білім саласындағы әдістемелік

 және ақпараттық технологиялар

 орталығы директорының міндетін атқарушы.

                                                                                        .

                                                                                               

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp