«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.10.2021

ІЗДЕУДЕГІ ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР

Криминалдық полиция жұмысының бір  бағыты – қылмыскерлерді іздеу. Кейде іздестіру жұмыстары көп уақытты қажет етеді. 

Жазаларын алды

Петропавл қалалық сотында пара берушіге де, алушыға да қатысты үкім шықты.

ШАБЫТЫ ШАЛҚЫҒАН «ШАЛҚЫМА»

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Шалқыма» домбырашылар ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында өткен бірінші халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауда  тамаша өнер көрсетті.

ТАҚТА ҮСТІНДЕГІ ТАРТЫС

Ақжар ауданының орталығы – Талшық ауылында қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында түрлі шаралар өткізілуде. Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен шахматтан турнир ұйымдастырылды.

ТИІМДІ ЖОБА

Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің базасында «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы іске асырылуда. Жоба мемлекеттік мүлікті басқарудағы қағидаларға сәйкес жүргізіледі.Олар заңдылық, есеп берушілік және бақылауда болу, жариялылық, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану, бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

ТІРКЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Облыс аумағында елімізге Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасып жатыр. Үкіметтің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес шетелдік көлік құралдарын тіркеу 2022 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда облыс аумағында осындай 500-ден астам көлік құралдары бар, олардың 450-ге жуығы  тіркелген.  

БАСТЫ СЕБЕП – САЛҒЫРТТЫҚ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының қатысуымен өткен брифингте жыл басынан бері облысымызда 594 өрт оқиғасының  тіркелгені туралы айтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тоғыз пайызға көп.

АБАЙДЫҢ АЙТҚЫШТЫҒЫ

(Басы өткен сандарда). Балық шаһары айналасына ат жеткісіз үлкен шаһар екен. Сол шаһардың бір жақ тұмсығында қалың орман, жыныс тоғай бар екен. Бір уақыттарда сол шеттегі елдің сол тоғайдың ішіне кірген малы да, жаны да үйірге қосылмай жоғала беретін болды. Малбасы жоғалған адамдар: “Патшаға айтайық” деп, патшасына келді.

Менеджмент жүйесін енгізу маңызды

 «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слетінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жоғары оқу  орындарында жемқорлыққа қарсы менеджмет жүйесін енгізу қажеттігін айтты. Шара  онлайн және офлайн форматта өтіп,  университет пен колледждерде оқитын 300-ге жуық студент жастардың басын қосты.

Беті қайтар емес

Облысымызда қауіпті дертті жұқтырғандар саны азаяр емес. Соңғы бір аптаның ішінде сырқатты жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мәселен, 27 қазан күні коронавирусты 147 адам жұқтырса, ауыр халде жатқан 5 адам қайтыс болды.

АЙЫМЖАННЫҢ БҮГІНГІ КЕЛБЕТІ

Өткен аптаның соңғы күндері Жамбыл ауданына бардым.  Классик жазушылар: Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің табанының ізі қалған киелі мекен ғой. Аудан орталығының іргесіндегі Айымжан ауылында кезінде «Халық театры» ашылып, оған Серкен Оңайбеков басшылық етіп, атағы дүйім елге тарапты…

Қос диплом беру мәселелері

АҚШ-тағы Аризона университетінің делегациясы облысымызға жұмыс сапарымен келіп, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті басшылығымен стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.

Депутаттарға арналған тренинг

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейту» атты тренингке қатысты. Семинарды Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, «Internews» ұйымымен бірлесіп, USAID пен  ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен өткізді.

Басты бағыт – бәсекеге қабілеттілік

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысы кадрлық тағайындаудан басталды. «Менің өкіміммен Қайролла Ғалеев облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, Бақыт Ілиясов облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды», – деді Құмар Іргебайұлы.

ҚЫРМЫЗЫДАЙ ҚҰЛПЫРҒАН ҚЫЗЫЛЖАР

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен баспасөз туры облыс орталығындағы жаңадан бой көтерген, шаhардың көркіне айналған  шағынаудандарда  жалғасты.

Желіде ауыл маңында жүрген сілеусіннің видеосы тарады

Солтүстік Қазақстан облысында Өндіріс ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы алқапта жүрген сілеусінді ұялы телефонға түсіріп алды. Жабайы аң бұл өңірде сирек кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгінгінің жастары бәсекеге қабілетті – қызылжарлық музыкант Жан Өмірзақ

Петропавлдың 18 жастағы тұрғыны Жан Өмірзақ көптеген жасқа үлгі. Жас музыкант оқу мен жұмысты қатар алып жүр, жақында Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты атанды. Өнерпаз жасты ҚазАқпарат тілшісі әңгімеге тартқан еді.