«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙДЫҢ АЙТҚЫШТЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

(Басы өткен сандарда).

Балық шаһары айналасына ат жеткісіз үлкен шаһар екен. Сол шаһардың бір жақ тұмсығында қалың орман, жыныс тоғай бар екен. Бір уақыттарда сол шеттегі елдің сол тоғайдың ішіне кірген малы да, жаны да үйірге қосылмай жоғала беретін болды. Малбасы жоғалған адамдар: “Патшаға айтайық” деп, патшасына келді.

– Мұны бұрыннан бері неге айтпадыңдар? – деді патша, – оған зерттеу жүргізу керек екен, – деп қасына кісі алып, ағаштың сол тұмсығынан келіп кірсе, ары-бері жүрген соң алдарынан бір арсыланның ізі кездесе кетті. Арсыланның ізін көрген соң жанындағы көпшілік жанынан қорқып:

– Ойбай, мұны жоқ қылып жатқан осы екен, қайтайық, өзімізді жеп қояр, – деседі. Патша тұрып:

– Қайтпайық, сендер қорықсаңдар, мен бұл ізге түсейін, менің қарамды көріп, алыстан отырыңдар, мен тоқтаған жер болса, тұрып көріңдер, – деп, патша ізге түсіп жүріп кетеді. Ары-бері жүрген соң алдынан үңірейіп жатқан арсыланның іні килігеді. Патша тұрып, өз тілімен:

– Ал, мақұлықтың патшасы арсылан, бар болатын болсаң, шық, сөйлесейік! – дейді. Інінде жатқан арсылан шыға келіп, өз тілімен айтқан соң, адамша амандасып, сөйлесе кетеді.

Амандасып болған соң патша тұрып:

– Ал, мақұлықтың патшасы, бұлқалай? Келгендігіңді білдіріп, жөніңді айтпай, менің малыма, жаныма мұнша ақат келтіргенің не қылғаның? – дейді.

– Ей, адамның патшасы, сенің менімен елдесіп, мұндай сөйлесетініңді мен қайдан білейін, бұрынғы өз әдетімді ұстай бердім де, – дейді. Сонда патша:

– Бұрынғы өтер іс өтіп кетіпті. Енді өзің қандай қонақасымен қанағаттанасың және қанша тұра-сың? – дейді. Оған:

– Сөткесіне бір ту бие берсең болады, – дейді.

Оны қалай әкеліп беруге бола-ды? – дескенде, бір ағашты белгі қылады:

Таңертең мына ағашқа әкеп, бір адам бір ту биені байлап кетсін, келесі таңертең ол адам жүген-ноқтасын жинап алып, екінші биені әкеліп байлап отырсын, өзің кетіп қаларлық болсаң, мына ағашты құлатып кет, кеткеніңнің белгісі сол болсын, – деді.

Сонда арсылан бұлай елдес-кеннен кейін: “Мен еш нәрсеңізге зарар келтірмеймін, қорықпай жүре беруге болады”.

Арсылан інінің басында жата береді. Патша кейін көпшілікті шақырып алып:

– Мен солай сөйлестім, арсылан тимейтін болды, мына ағашқа күніне бір бие осылай байланады, – деп ағашты көпшілікке көрсетеді. “Ертеңнен бастап сол ағаш құлап қалғанша, күніне бір бие бір күн біреуің, бір күн біреуің байлап отыр” – деп, үлес қылып салып, күнін жазып, тізім қып көрсетіп қояды.

Сол қалыппен бірнеше уақыт бүгін байлаған кісі ертең барып ноқтасын алып, екінші кісі биені байлайтын болып, жан да, мал да қорықпай аралас жүре беретін болды. Бір күні бір адам апарып бие байлап, ертең ноқтасын алайын деп барса, биесі желінген жоқ. Екінші күні барса, тағы тұр. Үшінші күні барса, бие ағашты кеміріп әлі тұр. Кетіп қалды ма деуге ағаш құлаған жоқ. “Қой, мұны патшаға айтайық” деп патшаға келеді.

– Ағаш құламаса, бір себеп болған шығар, – деп патша атқа мініп, іннің басына келіп:

– Ал, мақұлық ханның патшасы, бармысың? – деп шақырады. Үш күнде дәм татпаған аш арсылан інінен ілмиіп шыға келеді. Патша тұрып:

– Бұ қалай, бұл биені не себепті жемедің, кетіп қалды ма деуге ағаш құлаған жоқ, бие байлаған адамдар: “Осы күнге дейін бие желінген жоқ” деген соң, ауырып қалды ма, не болды? – деп, білейін, – деп өзім келдім, – дейді. Мақұлықтың патшасы:

– Бұлар тура айтыпты. Малды қалай жейін, биеңнің жанына барып қарашы! – депті. Патша биенің жанына келсе, тай күнінде тақымын қасқыр тартқан екен.

– Япыр-ай, мына шіркіннің айып көргені мынау екен ғой, – деп қайтадан жарақатсыз бие әкеліп байлаған екен. Сол сықылды қайдан білейін, Абай аға, не оймен жетектеп келе жатқаныңызды? Қолыңызда отырған соң арсылан айтқандай, адамның патшасы едіңіз, мен бір жарақатты мақұлығың едім, ендігісін өзіңіз біліңіз?! – дегенде сөзінен тоқталып, қолын босатып қоя беріп, тұрып қалдым дейді.

– Міне, мені төтелі сөзбен тоқтатқан адамның бірі – осы балдызым, – деген екен. (ҚР ҰҒА ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қоры, Қ., 622, 5-дәптер. Араб шрифтісімен жазылған. Қорға 1938 жылы Мағзұм Ахметов тапсырған).

Абайдың бұл философиялық тәмсіл-әңгімесінің өнегелік, тағылымдық, рухани сұлулық сипаты бөлекше. Әңгіменің көркемдік мазмұнында ассоциациялық ойтыңдаушының эмоционалды қабылдауын тудырады. Абайдың да өз болмысына қатысты көзқарасы және кейіпкерінің де жан тазалығы мен білерлігі сүйсіндіреді.

Аңдардың сырттаны Арсыланның тектілігі – “тай күнінде тақымын қасқыр тартқан” “жарақатты” биені жемей, намыстануы. Ал солқылдаған тал шыбықтай жас келіншек уыз шағында ата жолынан, ел дәстүрінен ықтиярынан тыс оғаш қылық жасап, бай әкесінің молдасы алып қашып, елі қабылдамаған соң, Абайдың қамқорлығына бөленіп әрі кемеңгердің ықыласын аударғаны, әрі же-тектегеніне көніп, “адамның патшасы” едіңіз, мен есік көрген бейкүнә едім, “мен бір жарақатты мақұлығың едім” деп, салмақты Абайға салуы, сөйтіп Абайды райынан қайтаруы не деген тапқырлық десеңізші!

Абай поэзиясының ұлттық-рухани құндылықтарының айқын айғағы ретінде мына бір тарихи-жазба деректерді еске түсірейік:

Жұмбақ

“Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді.

Күніне 1000 шақырым жерге барып келді” (Көңіл).

“Екі жазу” мақаласында, былайша жалғастырады:

“Варшаваға баратын тас жол-дың оң жақ өңірінде биік-биік бел-дер бар. Сол белдердің ең биігін жергілікті халықтар “Майдапек төбе” деп атайды. “Майдапектің” батыс жақ етегін айдын көл ай-малап жатыр да, шығыс жағын қаулап өскен қалың қарағай ая-сына алып тұр. Төбе – айдын көл мен қалың қарағайдың түйіскен жерінде шөгіп жатқан қара нар тәрізді.

Төбенің ұшар басында алты түп аққайың бар. Сол алты түп ақ-қайыңның түбінде жау қолынан қаза тапқан екі жастың моласы бар. Жас қабірдің басына белгі-лер қойылған. Белгілердің біріне – Асанов Ергеш, екіншісіне – Дмитрий Кулябин деген есімдер жазылған.

Ергештің зиратына қызыл қа-ламмен әшекейлеп, тасқа бас-қандай етіп, бір ауыз өлең жаз-ған” – дейді де Әлішер Тоқмағам-бетов.

“Ол:

“Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай.

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек, жомарт құбылмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

(Жан тапсырды, Ергеш-тай)”.

Өлеңнің артында Ергештің бірнеше жолдас-жоралары атта-рын жазып, қолдарын қойған.

Мен өлеңді екі-үш қайтара оқып шықтым. Ергештің жанқияр достары батырдың зиратына ұлы Абайдың сөзін құрметпен жазған-дығын сездім. Әрине, бұл өлеңді төбенің етегінде болған қызу со-ғыста арыстанша алысып, қырғи-ша қырқысып, жаудан жастығын алып кеткен батыр баласына дана ақынның тартқан сыйы деп білдім”.

“Рейхстаг – төңірегі қара қазан сияқты” деп сипаттайды.

Сонан да: “Мен, Берлинді бір-жолата басып алып, Рейхстагтың төбесіне советтің қызыл Туын тік-кен күні, Рейхстагтың ішін аралай алмадым, жанынан асығыс өтіп кеттім. Бірсыпыра күннен кейін Рейхстагқа қайта оралдым. Ерін-бестен іші мен сыртын тегіс ара-лап шықтым. Рейхстагтың сырт-қы қабырғалары бұрынғыдай емес, кәдімгідей ақшыл тартқан. Өйткені қабырғаға мыңдаған кісінің аттары ақ бормен ерсілі-қарсылы жазылған. Кей жерлер-ге өлеңдерден үзінділер, кей жерлерге кейбіреулер соғыс жыл-дарындағы өткен айбынды жол-дарын сызған, кейбіреулер туған ауылы мен өскен қаласының аттарын жазған.

Сол қисапсыз көп жазудың кейбіреулері грузинше, кейбіреу-лері татарша, кейбіреулері баш-құртша, бірсыпырасы украинша, көпшілігі орысша жазылған. Рейхстагтың ішкі қабырғасына жазылған жазу, сыртқы қабыр-ғасына жазылған жазудан он есе көп деуге болады. Сол көп жазу-ды аралап, бірін қалдырмастан оқып жүріп, ақырында бір жазуға душар болдым. Жазу латынша жазылған екен, көзіме жылы ұшырап кетті. Дереу жақын келіп, үңіле қалдым. Тайға таңба бас-қандай етіп жазған тамаша жазу мені өзіне тартып-ақ кетті. Мен ол жазуды оқыдым.

Ол:

Жаныңның ауыр жүгі

                             жеңілгендей,

Көңілден кернеген кек

                               кемігендей.

Болады жылауға да, күлуге де,

Жүректің басынан у

                             төгілгендей.

Өлеңнің артына “Көпбаев Тө-леу­қан” деп қолын қойған. “30 ап-рель 1945 жыл” деп уақытын көр-сеткен.

Сөйтіп, Төлеуқан төрт жылдай жаумен алысып, ақырында жау-ды талқандап, Берлинді алған күнгі өзінің көңіл күйін, ой-сезімі мен қуанышын атасы Абайдың сөзімен айтқан.

Мен қуана-қуана сыртқа шық-тым. Рейхстагтың төбесіндегі қырмызы туға көз жібердім, тағы да Абайдың өлеңін оқыдым.

Бұл сықылды жазулар көп бо-лар. Мүмкін Одер мен Ельба бо-йынан табылар, Еділ мен Днепр бойынан кездесер.

Мұндай жазуды оқығандар да көп болар, өз қолымен жазғандар да бар болар. Мен сол көптің бірі-мін, көргенімді хатқа салдым” – деп түйіндейді. (“Социалистік Қа-зақстан”, 1945 жыл, 11 август, №165).

Осы бір әдеби-тарихи мәлі-меттің өзі Абайдың қанатты ойла-ры мен қуатты сөздерінің қасие-тін нақты дәлелдейді. Және ел намысы үшін, ұлттың сана-сезімі-нің, дүниетанымының кемел екендігін, елшілдік-мемлекет-шілдік көзқарасының толық ма-ғына­сында жетілгендігінің көр-сеткіші болғанын көруге болады.

Халықтың зердесін, ойын, кө-ңілін, тәжірибесін байытатын қа-натты сөздер Абайдың шығарма-шылық өмірбаянында жеткілікті. Бұлардың тағылымдық, таным-дық мәні өлшеусіз. Жөппелде-меде айтылған мейлінше жина-қы, көркем, тастүйін қанатты сөз-дер ұлт жүрегін тербейді.

Енді ел аузындағы тәмсілдер мен әңгімелердің сырын тың-дайық:

“Абайдың кейбір кесек терең сөздері, ел ішінде мақал, жора болып кеткені толып жатыр. Сон-дай сөзінің бір қыдыруын ел кісі-лерімен бас қосқан жиында, я би-лік, дау үстінде әлдеқалай айтып қап жүрген. Мысалы:

Көктұмадағы съезд үстінде Абайға амандасамын деп: Сұлу Сарының болысы – Бәйеке, Қал-баның болысы – Бәкен, Шардың болысы – Үсен деген кісілер кеп отырады. Бұлар келгенде Абай ашылып сөйлемей, үндемей оты-рып қалады. Сонда Бәйеке:

– Ыбырай, неге үндемейсің? Сен ұлық болсаң, біз де болыс-пыз, – дейді. Оған Абай:

– Ей, Бәйеке-ай, биік мансап – биік жартас қой, оның басына ерінбей еңбектеп жылан да шы-ғады, екпіндеп ұшып қыран да шығады – депті”.

Негізінде, жақсы сөз, көркем ой – Абай мұрасының темірқазы­ғы. Ол ұшқырлық пен тапқырлық-тың нағыз үлгісін ұсынады. Сон-дықтан да осындай ғасыр ғибрат-тары, замана жауһарлары халық-тың ой-сана тарихымен бірге жа-сайды.

Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының

докторы, профессор.

(Жалғасы бар).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp