«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Депутаттарға арналған тренинг

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейту» атты тренингке қатысты.

Семинарды Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, «Internews» ұйымымен бірлесіп, USAID пен  ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен өткізді.

Семинардың ашылуында ұйымдастырушылар өкілдері, сондай-ақ облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко, Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры  Лаура Қайыржанова құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін заңнама институты» жобасының мемлекет істерін басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелеріне қатысу құқығы жөніндегі ғылыми жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер-конституционалист Мереке Ғабдуалиев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты Андрей Чеботарёв, «Zertteu Research Institute» коммерциялық емес ұйымының тең құрылтайшысы және атқарушы директоры Шолпан Айтенова дәрістер оқыды. Спикерлер мәслихаттардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру, мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, депутаттардың сайлаушылармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары, сондай-ақ мәслихаттар қызметінің ашықтығы және бюджет процесінің айқындығы мәселелері бойынша пікірлер алмасты.

Тренингтің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар оқыту курсынан өткендігі туралы сертификаттарға ие болды.

 Қайрат САДЫҚОВ,

 облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp