«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҚТА ҮСТІНДЕГІ ТАРТЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданының орталығы – Талшық ауылында қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында түрлі шаралар өткізілуде. Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен шахматтан турнир ұйымдастырылды.

Жарыс басталмас бұрын Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Бөгенбай Жұрынтаев пен жергілікті мәслихат хатшысы Айбек Хоршат қарияларға ізгі тілектерін жолдады.

Бұл жолы аудандық турнирге 63 жастан асқан қариялармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар қатысуға мүмкіндік алды. Жарыс жолына Ленинград, Май, Новосел және Талшық ауылдық округтерінің өкілдері шықты. Бірнеше сағатқа созылған зияткерлік ойында Ленинград елді мекенінің тұрғыны Мереке Қайырбеков жеңімпаз атанса, екінші орын Горьковское ауылының зейнеткері Александр Герлицке бұйырды. Үздік үштікті ленинградтық Тоқтар Қайырбеков қорытындылады.

Молдабай МАЛҒАЖДАРОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ақжар ауданы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp