Криминалдық полиция жұмысының бір бағыты – қылмыскерлерді іздеу. Кейде іздестіру жұмыстары көп уақытты қажет етеді.
Мысалы, мамыр айында Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде белгісіз қылмыскер қалалықтың ұялы телефонын күш көрсетіп, тартып алған. Жедел уәкілдер облыстағы аудан орталықтарының бірінде тұратын күдіктіні анықтаған, алайда ол тұрғылықты жерінде болмай шықты. Қолда бар ақпарат бойынша күдікті қалада жасырынған. Жедел уәкілдер іздеудегінің таныстарын, болуы ықтимал жерлерді, жалдамалы пәтерлерді тексерді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде күдікті бірнеше айдан кейін ғана Нұрсұлтан Назарбаев пен Интернационал көшелерінің қиылысында ұсталды.
– Жыл басынан бері 27 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгінгі күні 22-сі ұсталды, – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің бас маманы.