«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жазаларын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық сотында пара берушіге де, алушыға да қатысты үкім шықты.

Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағановтың пара алды, ал оған пара берді деген «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің директоры Айнагүл Қарабаеваның ұсталғаны жайлы газет оқырмандарын хабардар еткен болатынбыз. Тергеу алды материалдар қорытындылары бойынша директор 200 мың теңге параны басқарма басшысының кабинетіне апарып берген. Бұл қара жаттың жұмысқа қабылданған жас мамандардың әлеуметтік жағдайларын оң шешу мақсатымен  ұсынылғаны анықталған.

Облыстық прокуратураның аға прокуроры Асылбек Қоңыровтың айтуынша, Қарабаева Сақтағановтың кабинетіне келіп, жұмыс папкаларының біріне 200 мың теңге салынған конвертті қойған және оны өзінің заңға қайшы әрекет жасап жатқанын ескерткен. Сақтағанов конверттен 200 мың теңгені санап алған.

Сотта пара алушы да, оны беруші де өз кінәларын толық мойындады. Судья Динара Байзақова Қ. Сақтағановқа 5 млн. 807 мың, ал А. Қарабаеваға 4 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салу туралы үкім шығарды. Екеуі де өмір бойы лауазымды қызметтер атқару  құқықтарынан айырылды.

 Дина ТӨЛЕҢГІТОВА,

 облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp