«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИІМДІ ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің базасында «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы іске асырылуда. Жоба мемлекеттік мүлікті басқарудағы қағидаларға сәйкес жүргізіледі.Олар заңдылық, есеп берушілік және бақылауда болу, жариялылық, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану, бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Жобаны іске асыру барысында ғимараттар, құрылыстар мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуде шаруашылық жұмыстары мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі экономиканың қоғамдық секторының мемлекеттік қаржылары мен басқа да ресурстарын басқарудың міндетті элементі саналады. Жоба жұмыс істеген уақыт ішінде тәжірбиеде көрсеткендей, мемлекеттік мүлікті басқарудың сапалы жаңа деңгейіне шықты, ақшаны басқарудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Ақша қаражаты бір меншік иесінде жинақтала бастады және де бірнеше баланс ұстаушыларда “шашырамайтын” болды, бұл үнемделген қаражатты қажетті негізгі құралдарды сатып алуға және ғимараттар мен үй-жайларды жөндеуге бағыттауға мүмкіндік берді, сондай-ақ жемқорлыққа апарар жолдардың тәуекелдерін жойды.

Жоба іске асырылғаннан бері департамент құзыретінің шегінде ғимараттардың теңгеріміндегі күтіп ұстау және қызмет көрсету жүйесін сақтау және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді, барлық мәселелер мүмкіндігінше және қажетті ресурстардың бар болуына қарай шешілді. Қаражаттың үнемделуін қамтамасыз етіп, сонымен қатаржемқорлыққа апарар жолдардың тәуекелдерін жойды.  

Бүгінде «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы аясында аудандық қазынашылық және мемлекеттік кірістер басқармалары ғимараттарын жоспарлы орналастыру жүргізілуде. Аталған жоба жүзеге асырылғаннан бері 13 ауданның тоғызында мемлекеттік органдар бір ғимаратқа оңтайлы орналастырылды. Үстіміздегі жылы Қызылжар, Аққайың және Мамлют аудандық қазынашылық басқармаларының мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараттарына көшуі бойынша «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 23181,2 мың теңгеге жөндеу жүргізілді.

Қайрат ОМАРОВ,

облыстық мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру

департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp