«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРКЕУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында елімізге Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасып жатыр. Үкіметтің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес шетелдік көлік құралдарын тіркеу 2022 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда облыс аумағында осындай 500-ден астам көлік құралдары бар, олардың 450-ге жуығы  тіркелген.  

 «Армения Республикасынан әкелінген автомашиналарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді алу үшін Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. Тіркеуден өту үшін көлік иелерінің  жеке куәлігі, мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлегені туралы құжат, көлік құралын тіркеу куәлігі, Армения Республикасының өкілетті органында берілген мемлекеттік нөмірлері және тағы басқалары болуы тиіс», – дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті

ішкі және сыртқы  коммуникациялар

бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp