«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАБЫТЫ ШАЛҚЫҒАН «ШАЛҚЫМА»

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Шалқыма» домбырашылар ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында өткен бірінші халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауда  тамаша өнер көрсетті.

Жас домбырашылар Қаршыға Ахмедияровтың «Қосбасар», Абдулхамит Райымбергеновтың «Секіртпе» және Батырлан Абеновтың «Желдірме» күйлерін нақышына келтіре орындады.  Халықаралық шығармашылық сайыстың ақтық мәресінде “Секіртпе»  күйін тартып, бірінші орыннан көрінді. «Қосбасар» күйі екінші орынға лайық деп танылды. Жеке орындаушылар арасында Дариға Мұқашева да екінші орынды жеңіп алды.

«Жоғары деңгейдегі байқауға алғаш қатыстым. Қобалжу болғанына қарамастан, көрсетілген қошеметке қарап, жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын. Бұл – біздің тынымсыз еңбегіміздің, ұстазымыздың терең білімінің нәтижесі. Алдағы уақытта да домбыра үйірмесін негізгі сабағыма қоса алып жүремін. Енді халықаралық байқауларға үзбей қатысып, тәжірибемізді шыңдайтын боламыз», – дейді 9-сынып оқушысы Абылайхан Жоламанов.

Бірінші халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауда вокал, хореография, музыкалық аспаптар, актерлық шеберлік, бейнелеу өнері аталымдары бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жас өнерпаздар мен ұжымдар бақ сынады.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp