«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қос диплом беру мәселелері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

АҚШ-тағы Аризона университетінің делегациясы облысымызға жұмыс сапарымен келіп, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті басшылығымен стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.

Онда жергілікті оқу орнының түлектеріне қос диплом берудің ықтималды  мүмкіндіктері қарастырылып, білім беру бағдарламаларына қатысты пікірлер айтылды. Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі мен екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылған болатын.

Мұхиттың арғы жағынан келген шетелдік меймандар университеттің қызметімен, материалдық жабдықталуымен, инфрақұрылымымен және профессор-оқытушылар құрамымен, факультеттердің және «Foundation» дайындық бөлімінің жұмысымен танысты. “Қызылжар Су” ЖШС-на, “AgroLab” агрохимиялық зертханасына, “Зенченко және К” КС-нің сүт зауытына барды. Шаруашылық саласы өкілдерімен, жас мамандармен әңгімелесіп, кадрлар даярлау жөнінде іс-тәжірибе алмасты.

 «Ең маңыздысы біздің білім беру бағдарламаларымыз Аризона университетімен  үйлесе білуінде”, – деді М.Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректоры Ерлан Шуланов өз сөзінде.

Сондай-ақ делегация мүшелері зертханаларда болып, ғалымдардың жобаларымен, инвестициялар тарту, жоғары оқу орнын жаңғырту жайларымен танысты.

Қос дипломды білім бағдарламаларына және «Foundation» дайындық бөліміне түсу мәселелеріне қатысты  мектеп директорларымен кездесулер өткізілді.

Диана ХАЛИМОВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ медиаорталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp