«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Қызыл обаға» қызығушылық орасан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің  кезекті отырысы өтті. Онда кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Одан кейін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірисов баяндама жасап, «Қызыл оба» кесенесіндегі археологиялық жұмыстарды одан әрі дамыту, жандандыру мәселелерімен бөлісті.

Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзені алқабынан табылған көне ескерткіште  археологиялық қазба жұмыстары 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді. Биыл тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі бағдарлама аясында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 784 мың теңге бөлінді. 2021-2024 жылдарға арналған тарихи-мәдени мұраларды, археологиялық нысандарды кешенді зерттеу және музейлендіру жобасы шеңберінде «Қызыл оба» кесенесі, «Байқара» кешені, «Ақ Иір» қалашығы біріздендіріледі. Биыл республикалық бюджеттен «Қызыл оба» археологиялық ескерткішін кешенді зерттеу және музейлендіруге 55 млн. теңге қаражат қарастырылды.

«Қызыл обаны» музейлендіру қорғаныс панасын салудан басталды. Өңірдің қатал климаттық жағдайларында ортағасырлық сәулеттік ескерткіштің үстіне осындай қорғаныш құрылысын әзірлеу және жасау алғаш рет жүзеге асырылатындықтан, ғылыми қоғамдастық, сәулетшілер, құрылысшылар мен ескерткіштерді қорғау орындарының қызметкерлері үшін де бірегей тәжірибе болып табылады. Мұның өзі «Қызыл оба» қорымында бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бас мердігер – «Қазақ ғылыми зерттеу және материалдық мәдениеттің жобалау институты» ЖШС-і «Қызыл оба мазары» археологиялық нысанының үстіне жабық ғимарат орнатуды аяқтады. Сондай-ақ ақпараттық стендттер қойылды», – деді Досбол Әбдірисов.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp