«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.11.2021

САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында санақ аясында тұрғындардан жаппай сауалнама алу жалғасуда. Респондент sanaq.gov.kz сайты арқылы орналасқан жеріне қарамастан санақтан өз бетінше өте алады. Сайт халық санағының соңына дейін қолжетімді болады.

БЕЙНЕЖЕТОН БАҚЫЛАП ТҰР…

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде жылжымалы бекеттердің жұмысына мониторинг жүргізілді. Оның барысында көлік құралдарының салмағын өлшейтін техникалық құралдарды қолданудың негізгі мәселелері, олардың техникалық жай-күйі және әртүрлі ауа райы жағдайларында пайдалану мүмкіндіктері зерделенді.

НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ АЙҚАСЫ

Аралас жекпе-жек дегенде  жауына қасарысқан, қанды көбік жұтқызған ер жүрек батырлар көз алдымызға келеді. Сондай-ақ әлемге танылған «UFC» сайыпқырандары қатысатын сайыстарды да елестетеміз. Соңғы жылдары бұл спорт түріне тұрғындар тарапынан қызығушылықтың артқанын да байқауға болады. Оған басты себеп – спортшыларымыздың халықаралық ареналарда ел намысын қолдан бермей жүлдегерлер қатарынан көрінуі. Облысымыздағы «Сұңқар» аралас жекпе-жек федерациясының бас …

НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ АЙҚАСЫ Read More »

АБАЙДЫҢ АЙТҚЫШТЫҒЫ

(Cоңы. Басы өткен сандарда). Абайдың интуициясы мен шешім­паздығы және көнтерлілігі (яғни сөз тыңдауы) қандай екендігіне мына бір айтқыштығы айғақ. Мәселен: Қарабас Тоқа деген өзінің бір Мамайымен айтысып, бір құнан даулап Абайға келеді. Абай жауапкер жағын тыңдамастан: – Құнанын бер, – дейді. Сонда Тоқа: – Құнанын бергізбей тұра тұрып, екіндіге дейін сөзімді тыңда, – дейді. Сөйтеді …

АБАЙДЫҢ АЙТҚЫШТЫҒЫ Read More »

Құқық бұзушылық азаймай тұр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы Бақыт Жамбылов әдеп жөніндегі кеңестің атқарған жұмыстарын қорытындылады. «Биыл 18 тәртіптік іс қаралып, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасағаны және Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы мерзім ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына 113 өтініш келіп …

Құқық бұзушылық азаймай тұр Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ЖАН

Қоғамда көмекке мұқтаж, мейірімге зәру жандар аз емес. Олардың дені жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар. Осындай санаттағы азаматтарды өз қамқорлығына алған әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі өлшеусіз. Тимирязев ауданындағы Дмитриевка елді мекенінде 30 жылға жуық уақыт бойы әлеуметтік қызметкер болып еңбек етіп келе жатқан Балғын Қасымғожинаны кәсіби  мерекесі  қарсаңында әңгімеге тартқан едік.

ЛАЙЫҚТЫ ТАРТУ

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында экономика және саяси ғылымдарының докторы, Еуразиялық даму орталығының бас директоры Тайыр Мансұровтың Қазақстан Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай еліміздің маңызды оқиғаларына қатысты өзі дайындаған және жарыққа шығарған кітаптарының 2500 данасы кітапхана қорына салтанатты түрде тапсырылды.

УЫСТАҒЫ УАҚЫТ

«Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді». Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі.  Елбасымыз өзінің осы қанатты тәмсілін ел басқару ісінде басты ұстанымы етті десек артық айтқандық болмас.  Оның әр күні, тіпті әр сағаты елімізді дамытуға арналды. Қазіргі күні әлем көз тіккен еңселі елорда, елімізде берік орнаған сілтідей тұрақтылық пен …

УЫСТАҒЫ УАҚЫТ Read More »

Тексеру талабы — тегеурінділік

Облыстық тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс орталығында “Жергілікті бюджеттердің мемлекеттік аудит жүйесіндегі тексеру комиссияларының рөлі” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  –Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде  Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда қос мемлекеттің көшбасшылары елдегі интеграциялық үрдістердің қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл шекаралас өңірлер арасындағы өзара қарым-қатынастың одан әрі нығаюына …

Тексеру талабы — тегеурінділік Read More »

ЕҢСЕ ТІКТЕГЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Облысымызға жұмыс сапарымен еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Юрий Ильин келді.  Елордалық мейман «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Аққайың ауданында болып, құс фабрикасының құрылысымен танысты.

ЖАҢАРҒАН БОКС МЕКТЕБІ

Биыл Петропавлдағы Камиль Сафин атындағы бокс мектебі күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың нәтижесімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.

АЙТУЛЫ ЖЕТІСТІК

Волейболдан ел біріншілігінде өңір намысын қорғап жүрген «Қуаныш» клубының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Жуырда спортшы қыздар Қазақстан кубогында қола жүлдегер атанды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұрымдыларды айтулы жетістігімен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттықтады.

Әлеуметтік қызметкер болу үшін үлкен жүрек керек – Балғын Қасымғожина

Қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Тағдырдың жазуымен қартайған шағында жалғыз қалған және мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлығына алған әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі өлшеусіз. Мерекеге орай ҚазАқпарат тілшісі 30 жылға жуық осы салада еңбек етіп, ыстығы мен суығын көрген солтүстікқазақстандық білікті маман Балғын Қасымғожинамен сұхбаттасқан еді.

«Ауыл – ел бесігі»: Өңірде 2025 жылға дейін 300-ден астам ауыл жаңғыртылады

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.