«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАРҒАН БОКС МЕКТЕБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Петропавлдағы Камиль Сафин атындағы бокс мектебі күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстардың нәтижесімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.

Ғимаратты толыққанды жаңартуға өңір бюджетінен 33 млн. 559 мың теңге бөлінген. Қаражатқа мектептің едені мен терезелері ауыстырылып, жарықтандыру жүйесі, ішкі бөлмелер мен кәріз желісі жөнделді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, мұндай қыруар жұмыстар ауылды жерлерде де атқарылып жатыр. Биыл бес  ауданның  орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 2 хоккей қорабы халық игілігіне беріледі.

–Өңірімізде саламатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар мен спорт үйірмелеріне қатысатын балалар санын арттыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.  Осы мақсатқа бюджеттен 200 млн. теңге қарастырылды. Жалпы өңірде 3200 бала ақылы секцияларға қатысады.  Алдағы уақытта спорт үйірмелерінің барлығы  тегін болмақ. Қазірдің өзінде балғындарымыздың 1600-і арнайы artsport.edu.kz сайты арқылы тегін үйірмелерге жазылып үлгерді, – деді Құмар Іргебайұлы.

Спорт саласындағы жаңа өзгерістерге Камиль Сафин атындағы бокс мектебінің директоры Жанат Жақиянов та куә. Оның сөзінше, саламатты өмір салтын ұстануға бет-бұрған балалар мен жасөспірімдер қатары жыл сайын көбейіп келеді.

– Бүгіндері бокс мектебінде 13 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олар 350-ден астам баланы  боксқа баулуда, – деді Жанат Жақиянов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp