«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тексеру талабы — тегеурінділік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс орталығында “Жергілікті бюджеттердің мемлекеттік аудит жүйесіндегі тексеру комиссияларының рөлі” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

–Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде  Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда қос мемлекеттің көшбасшылары елдегі интеграциялық үрдістердің қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл шекаралас өңірлер арасындағы өзара қарым-қатынастың одан әрі нығаюына ықпал етеді, – деді шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары  Марат Тасмағанбетов.

Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин ведомствоның басты мақсаты жергілікті бюджеттердің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру екенін жеткізді. “Біз қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыс аудандары мен қала басшыларының, әкімдердің орынбасарларының, мемлекеттік органдар жетекшілерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргіземіз.

Тексеру комиссиясының өкілдері  “Nur Otan” партиясының аудандық филиалдарында азаматтарды қабылдайды”, – деді Тілеген Төлегенұлы.

Солтүстік Қазақстан облысының тексеру комиссиясы соңғы 3,5 жылда 58 аудиторлық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде  1,4 млрд. теңге қаражат мемлекет қазынасына қайтарылды. Мамандар аймақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдап, атқарылған жұмыстарға баға береді. Ревизиялық комиссиялар құрылғанғаннан бері өңірде қаржыны реттеу ісі бір жолға қойылған.  Ақша жымқыру фактілерінің де азайғаны байқалады.  Биыл мұндай 13 жағдай тіркеліпті. Соның бірі Айыртау ауданында орын алған. Әкімдік бөлімдерінің бірінде жұмыс істеген есепші өзінің жалақысын заңсыз көтеріп, 1 млн. теңге пайда тапқан. Маман заң алдында жауап берді. Қазіргі күні комиссия өкілдері жергілікті депутаттармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлерімен бірге мемлекеттік мекеме жұмысшыларының арасында түсіндіру жұмыстарын  жалғастыруда.

Конференцияға қатысқан Ресейдің Қорған, Челябі облыстарындағы бақылау-есеп палатасының өкілдері бұл бағытта өздерінің аймақтарында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp