«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқық бұзушылық азаймай тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы Бақыт Жамбылов әдеп жөніндегі кеңестің атқарған жұмыстарын қорытындылады.

«Биыл 18 тәртіптік іс қаралып, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасағаны және Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы мерзім ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына 113 өтініш келіп түсті. Департаменттің құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша атқарып жатқан жұмыстарына қарамастан кей мемлекеттік органдарда заңнама талаптары бұзылады. Оған талқыға түскен  48 өтініштің  жартысынан астамының расталуы дәлел»,– деді Бақыт Қайроллаұлы.

Оның айтуынша, адамдар негізінен  мемлекеттік қызметкерлердің, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз іс-әрекеттері мен актілеріне шағымданады. Мұндай жағымсыз фактілер денсаулық сақтау және білім беру салаларында көп кездеседі. Жүргізілген тексерулер негізінде  11 адамның құқықтары қалпына келтірілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша 9 тексеру жүргізіліп, 196 құқық бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын шектейтін фактілер аз емес. Мысалы, заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер үздіксіз оқытудан өтуі тиіс. Көліктік бақылау инспекциясында қосымша кәсіби білім алу үшін мемлекеттік қызметшілерді сабаққа жібермеу оқиғалары тіркелді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде олардың құқық кепілдіктері сақтала бермейді.  Бұл мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларына қайшы келеді. Мемлекеттік қызмет саласының тағы бір бағыты – жұмыс режімінің қатаң сақталуын қадағалау. Мемлекеттік органдарда қолжетімділікті есепке алудың бірыңғай бақылау жүйесі орнатылғалы  мерзімнен тыс жұмыс істеу көрсеткіші  4 есе төмендеген.

Махаббат САМРАТ,

облыстық  мемлекеттік қызмет істері департаментінің

бас маманы-баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp