«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙТУЛЫ ЖЕТІСТІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Волейболдан ел біріншілігінде өңір намысын қорғап жүрген «Қуаныш» клубының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Жуырда спортшы қыздар Қазақстан кубогында қола жүлдегер атанды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұрымдыларды айтулы жетістігімен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттықтады.

– Былтыр солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар жоғары лигада үздік үштікті қорытындылады. Биыл бұл нәтижені «Қуаныш» клубы ел Кубогында тіркеді. Жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жоғары белестерді бағындыруға құлшыныс танытып келеді. Жаңа маусымда спортшыларымыз бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін, – деп жазды өңір басшысы Құмар Іргебайұлы.

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp