«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙНЕЖЕТОН БАҚЫЛАП ТҰР…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде жылжымалы бекеттердің жұмысына мониторинг жүргізілді. Оның барысында көлік құралдарының салмағын өлшейтін техникалық құралдарды қолданудың негізгі мәселелері, олардың техникалық жай-күйі және әртүрлі ауа райы жағдайларында пайдалану мүмкіндіктері зерделенді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің бір жолы – қызметтік бейнежетондарды пайдалану. Алайда Көлік комитетінің ахуалдық орталығы тарапынан бекетке толық шолу жасауды қамтамасыз ететін негізгі бейнебақылау жүйесі іске қосылмаған.

 Бекет инспекторы  бейнежетондардың жазбаларын бақылау туралы келушілерді ескертеді. Өйткені көлікті бақылаудан өткізу барысында бейнежетон қосылып, жазба жүргізіледі. Кезекші ауысымда жазылған барлық бейнефайлдарды инспекцияға береді, онда комиссия инспектор тарапынан бұзушылықтардың бар-жоғын тексереді. Әр 10 күн сайын файлдар талдау үшін Көлік комитетінің ахуалдық орталығына жіберіледі.

Бұл мониторинг инспекциядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде жүргізілді. Органның қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер де, олардың ұйымдастырушылық жұмысы да зерделенетін болады. Бекеттерді мониторингілеу барысында бақылау функцияларын орындау тиімділігіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінісіне әсер ететін бірқатар факторлар анықталды. Әрбір тәуекел мұқият талданылып, содан кейін оны алып тастау жолдары ұсынылады.

Дамир ХАБИБУЛИН,

облыстық көліктік бақылау

 инспекциясының  басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp