«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында санақ аясында тұрғындардан жаппай сауалнама алу жалғасуда. Респондент sanaq.gov.kz сайты арқылы орналасқан жеріне қарамастан санақтан өз бетінше өте алады. Сайт халық санағының соңына дейін қолжетімді болады.

27 қазанда халық санағының мониторингіне сәйкес облыс жұртшылығының  93,3 пайызы санақтан өтті. Облыс аудандары арасында Аққайың ауданы және Шал ақын ауданы көшбасшы болып табылады, олардың көрсеткіші  98,9 пайыз.

Жұмысқа тартылған қызметкерлердің арасында санақтың белсенді қатысушылары да бар, олар бастапқы учаскелерін аяқтап, қосымша учаскені аралауға кірісті. Мұндай озық интервьюерлердің бірі  23 жастағы  Нарғыз  Жүсіпова. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Жалпы медицина” факультетінде үшінші курста оқиды. Нарғыз санақ кезеңі ішінде 650 тұрғын үйді аралап шықты, бір мыңнан астам респондентті есепке алды.  Екінші есеп учаскесі де аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта Нарғыз өз учаскесінің тұрғындарын барынша қамту мақсатында үйлерінде болмаған адамдардың мекенжайларына қайта барып жүр.

Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс тұрғындарын еліміз үшін маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.                                                                                                                 

Абай ӘЛЖАНОВ,

облыстық ішкі саясат

басқармасының бас маманы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp