«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚҚА – ОТЫЗ КІТАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл  «Бір ел – бір кітап» жалпыұлттық акциясында Ыбырай Алтынсарин, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков, Тобық Жармағамбетов сынды дарынды тұлғалардың кітаптары арнайы таңдалған болатын. Осыған орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада шара өтті.

М. Қозыбаев атындағы университеттің 3-курс студенті Дариға Құрмаш аталған туындылардың бірқатарын оқып шыққанын айтты. Оның жанына ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырлары жақын. Тіпті ол ақынның «Өмірдастан» кітабындағы «Намыс пен муза» өлеңін жаттап үлгеріпті.

Кітапхана қызметкері Қайыржан Мәлікова осы жолы маман-оқырман ретінде құнды 30 жәдігердің бірі – Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» еңбегін оқып шығыпты. Кітапта Семей сынақ полигонынан зардап шеккен тұрғындар мен ядролық қарудың зияны туралы жазылған. Бұл еңбек «Қасірет пен тағдыр», «Үзілмеген үміт» деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

Бір жыл ішінде әр оқырман оқуға тиіс дүниелердің ішінде проза, поэзия, балалар әдебиеті мен аудармалар да бар. Негізінен таңдалған кітаптарда ата-бабамыздың тәуелсіздік жолында төккен тері мен еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері баяндалған.

Республика көлемінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл 15-рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы кітаптардың саны да көп, мазмұны да бай. Өйткені бұған дейін жыл кітабы ретінде бір туынды ғана таңдалатын болса, осы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 туынды белгіленген.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp