«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Эпидахуалдың нашарлауына байланысты өңір басшысы тұрғындарға үндеу жасады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қатысты күрделі жағдай туындаған. Күнделікті ауырғандар саны жүзден төмендер емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов тұрғындарды вакцина алуға шақырды. Өйткені емдеу мекемелеріне түсіп жатқан сырқатардың барлығы – екпе алмағандар. Облыс бойынша әлі 120 мың адам екпе алуы тиіс. «Кейбіреулер әлі күнге дейін вирусқа күмәнмен қарайды. Тек жақындарынан айырылғаннан кейін өз ойларын өзгертіп жатады. Әлі вакцина алмаған 120 мың адамның арасында саналы және жауапты адамдар көп болады деп ойлаймын. Мен коронавирусқа қарсы екпе алдым, отбасым да толық курсынан өтті. Бұл қауіпсіз және тиімді. Менің осы сөзімді 250 мың солтүстікқазақстандық та растайды. Жыл басында созылмалы аурулары бар тұрғындар қарсы көрсетілімдерге байланысты вакцина алмады. Қазір мамандар оның қауіпсіздігіне көз жеткізді. Бүгінгі таңда зейнеткерлердің тек 21 %-ында вакцинация паспорты бар. Жұқпалы ауруханаларда сырқаттардың басым бөлігі – қарттар. Балалар ата-аналарына қамқорлық жасауы керек, оларға вакцинация туралы дұрыс ақпарат беру керек», – дейді Құмар Ақсақалов. Жеке ұйымдарда да әлі күнге дейін вакцинацияланбаған қызметкерлер бар. Басшылар мәселені бақылауға алуы тиіс. «Қазір біздің облыс «қызыл» аймақта. Егер аурудың таралуы тоқтамаса, онда біз қатаң шараларға оралуға мәжбүр боламыз. Медициналық мекемелер ковидтік госпитальдарға қайта жабдықталатындықтан, жоспарлы госпитализацияны тоқтатуға тура келеді. Кәсіпорындар қайтадан карантинге жіберіледі, сауда нысандары өз жұмысын қайта тоқтатады. Бұл экономикаға әсер етеді. Адамдар жұмыс пен кірістерін жоғалтады, салық түсімдері азаяды. Бұл облыс бюджетіне кері әсерін тигізеді. Бұған ешкім мүдделі емес. Ковидпен күрес – күрделі мәселе. Біз вакцинациядан неғұрлым ұйымшылдықпен өтсек, осы қиын кезеңнен тезірек шыға аламыз», – деді облыс әкімі.


https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp