«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірдің бас санитар дәрігері мониторингтік топтардың жұмысын сынға алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында мониторингтік топтар белсенділікті төмендетіп жіберген, кей аудандарда ай бойы бірде бір рейд ұйымдастырмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, облыста қазан айында небары 188 рейд жүргізіліп, 1118 нысан қамтылған. Талапты бұзған 30 тұлғаға 1,6 млн теңге айыппұл салынды. «Тимирязев және Уәлиханов аудандарында рейдтер мүлдем жүргізілген жоқ, Ақжар ауданында 20 нысанды қамтыған тек 3 рейд, Айыртау ауданында 26 нысанды тексерген 5 рейд, Шалақын ауданында және Тайынша ауданында 9 рейд жүргізілді. Кей аудандарда рейдтерден нәтиже жоқ, 1-2 заң бұзушылық қана тіркелген. Алгоритмнің болуына қарамастан, Аққайың, Мамлют, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандарын қоспағанда, мониторингтік топтар вакцинацияны тексеру бойынша рейдтер өткізбейді», – дейді Әсет Жұматаев. СҚО-да қазір Ashyq жобасына 2886 нысан қатысып жатыр. Олардың 98-інде заңбұзушылықтар анықталған. «Ashyq арқылы «Сары» мәртебесі анықталған тұрғындарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы 125 қаулы шығарылды. «Қызыл» мәртебесі бар оқшаулау режимін бұзған 109 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Республикасының басқа өңірлерінде тұратын, алайда СҚО аумағындағы нысандарға бару арқылы анықталған 28 адамға материалдар жиналып, шаралар қабылдау үшін тұрғылықты жеріне жіберілді», – дейді департамент басшысы. Жалпы үй карантинін бұзушылардың 73-і – 74 %-ы Петропавл тұрғындары. Бұған дейін өңірдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты өңір басшысы Құмар Ақсақалов тұрғындарды вакцина алуға шақырып, үндеу жасаған еді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp