«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.11.2021

БЕС БОКСШЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан боксшылар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға 10 қазақстандық спортшы шыққан болатын. Өкінішке қарай, олардың тең жартысы жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді. Жеңісті жолды жеңіл салмақтағы былғары қолғап шеберлері жалғастыруда.   

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ КЕСІРІ

Қызылжар ауданы Новокаменкаауылыныңмаңында«Audi» көлігінің 1999 жылы туған жүргізушісі көктайғақтың салдарынан рөльге ие бола алмай аударылған. Апаттың салдарынан үш жолаушы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген, жолаушылардың біреуі оқиға орнында қайтыс болды.

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұлт ұстазы, аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті.

Қыс қандай болмақ?

Қызылжарда биыл қыс қандай болмақ? Синоптиктер алдағы бес айға арналған ауа райы болжамын жасады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары Наталья Левина биылғы қыс климаттық нормаға сәйкес болатынын жеткізді. Мәселен, қараша айында ауаның орташа температурасы -6-8 градус шамасында болмақ. Жауын-шашын айдың басы мен ортасында көп жауып, қарашаның …

Қыс қандай болмақ? Read More »

ГАЛСТУК

Баяғыда Ілияс екеуміз бір қызға хат жаздық. Он бес, жиырма үй арыда тұратын көршіміз болатын.Сурет дәптердің парағына қызыл сиямен «Сағынышты сәлем хат» деп бастадық та, ары қарай еркін көсілдік, несін айтасың. Жазбағанымыз қалмады-ау деймін. Түске дейін мектепте, кешке қозы қайырып, бұзау айдап жүргенін күнде көретін қызымыз еді. Соған, «аман-есен денсаулықтың арқасында ойнап-күліп жүрсің бе?» дегеніміз …

ГАЛСТУК Read More »

БАПКЕР – БАСТЫ БАҒЫТ СІЛТЕУШІ

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкерлер Сәуле мен Александр Мухин – шаңғы жарысынан жас спортшыларды жаттықтырып, елеулі табыстарға қол жеткізген жаттықтырушылар. Дүбірлі додаларда еліміздің көк байрағын аспанда желбіреткен бірнеше чемпионды тәрбиелеп шығарған ерлі-зайыптының екі ұлы да кәсіпқой спортта жүр. Тұңғыштары Ринат ата-анасының жолын қуып, шаңғы жарысынан бапкер болып жұмыс істейді. Отбасының бапкерлік саладағы ортақ еңбек өтілі …

БАПКЕР – БАСТЫ БАҒЫТ СІЛТЕУШІ Read More »

ӨЛКЕТАНУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында республикалық «Туған жерге тағзым» атты акция өтіп жатыр. Петропавлдағы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп оқушылары бірегей жоба аясында Бурабайға, облысымыздың Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандарындағы қасиетті жерлерге аттанады.

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Тәуелсіз Қазақстанның трендтері – «Мәңгілік елдегі» Ұлы дала энергиясы»  атты ғылыми-теориялық семинар өтті. Шараны Ұлттық ұлан әскери институтының жалпы білім беру кафедрсы мен кітапхана бірігіп ұйымдастырды. Семинар жұмысына М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен Ұлттық ұлан әскери институтының офицерлері, келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер мен оқытушылар және …

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ Read More »

ІЗГІЛІК НӘРІН СЕПКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім беру мен тәрбие саласына ерекше назар аударылатынын айтты. Әрине, бұл жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің болашағы үшін істелуде. Ең алдымен, тәрбиешілер мен ұстаздардың еңбекақысын көтеру қолға алынды. Елімізде бала туу көрсеткіші жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады. Мұның өзі мектепке дейінгі  мекемелерге деген сұранысты арттырып отырғаны анық.

ОТТАН ШЫҚҚАН ОЙРАН

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облысымызда өрттің және қыс мезгіліндегі басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары талқыланды. Өкінішке қарай, тілсіз жаудан зардап шеккендердің саны азаймай тұр. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Орал Әбдірахманов айтып берді.

Елбасы саясаты – халық алдындағы ұлы жауапкершілік

1995 жылдың 1 желтоқсанында саяси әлемде баламасы жоқ бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оның авторы – Республикамыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Осы жылдар ішінде Ассамблея бұл қазақстандық патриотизм мен рухтың мектебі екенін растады. Бүгінгі күнге дейін Ассамблеяның құндылығы өз маңызын жоғалтқан жоқ. Мен ҚХА-ның екі негізгі мәселесін атап өткім келеді: қазақстандық бірегейлік пен …

Елбасы саясаты – халық алдындағы ұлы жауапкершілік Read More »

Өткенге – тағзым

Солтүстікқазақстандықтар 2015 жылдың табалдырығын үлкен үмітпен аттады. Өйткені шешімін таппаған проблемалар әлі де жетіп артылатын. Ауылдықтар үшін ең ділгір мәселелер – жол мен сапалы ауызсу. Осы және басқа  жайттар облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында арнайы қаралып, өңірді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды. Онда кезең-кезеңмен атқарылатын нақты шаралар атап көрсетіліп, ортақ мақсатқа қол жеткізудің жолдары баяндалды. Сондай-ақ тұрғындардың …

Өткенге – тағзым Read More »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Жыл соңына дейін облыста 340 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл жайында облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді. 2017 жылы 164 мың шаршы метр үй салынса, содан бергі 5 жылда құрылыс қарқыны екі еседен асып отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында қоныстойын атқарып жатқан жерлестеріміздің қатары көбейіп келеді.

ЕРТЕ АНЫҚТАЛҒАН АУРУДЫҢ ЕМДЕЛУІ ЖЕҢІЛ

«Медициналық мамандар ауруды алдын алу үшін скринингтен өтудің пайдасы көп екенін айтуда. Алайда скринингтен қалай өтуге болады? Ол ақылы ма?» Әлия КӨПБОСЫНОВА, Айыртау ауданының тұрғыны.

Зейнет демалысына шықты

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев зейнет демалысына шықты. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов әкімдікте өткен салтанатты жиын барысында мерейтой иесінің кеудесіне «Еңбек ардагері» медалін тақты.  Асқар Жоламанұлын әріптестері, зиялы қауым өкілдері де құттықтады.