«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұлт ұстазы, аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті.

Тағылымы мол іс-шараға аға ұрпақ өкілдері, ұстаздар қауымы мен студенттер, № 6637 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшілері, кітапхана оқырмандары қатысты. Шараның мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын, ағартушылық қызметін өскелең ұрпаққа таныстыру.

Отырыста Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жанар Әбілева баяндама жасап, Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, шығармашылығы туралы  мазмұнды мәлімет берді. Сонымен қатар М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сабина Ағыбаева Ыбырай Алтынсариннің публицистика саласындағы еңбектері – хаттары, этнографиялық тақырыптағы зерттеу мақалалары, газеттерде жарияланған шығармалары жайлы ой толғады.

Шара соңында қатысушылар «Қазақ даласының алып қоңырауы» атты кітап көрмесін тамашалады.

Майра ӘШІМОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық

ғылыми-әмбебап кітапхананың бөлім басшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp