«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Барлық 50 мың тұрғынға энергия қайта беріле бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО Энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Ілиясовтың айтуынша, кеше сағат 22.00-де өңірді электр қуатымен қамту толық қалпына келтірілді. 

Яғни барлық ауылға, ықшамауданға жарық берілді. «Қазіргі уақытта Петропавл 2-ЖЭО-дағы 12 қазандықтың жетеуі жұмыс істеп тұр. Үшеуі апатқа байланысты, екеуі жоспарлы түрде жөнделіп жатыр. Бұл, облысты электр қуатымен қамтуда еш кедергі келтірмейді. Орталық тиісті қуатты беріп жатыр. Таңғы сағат 9.00-де тұтынушылардан жылу-электр орталығының жұмысына қатысты ешқандай шағым-арыз түскен жоқ», – дейді Бақыт Ілиясов. Қазір мамандар қазандықтардың істен шығуына себеп болған турбоагрегаттың неден бұзылғандығы анықтап жатыр. Кейін бұл жағдай қайталанбас үшін тиісті іс-шаралар қолға алынады. «Петропавл 2-ЖЭО-ның қондырғылары ескірген, ауқымды жөндеу жұмыстары қажет. «СевКазЭнерго» АҚ жылда инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып, орталықтың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасап келеді. Алайда бұл – жеткіліксіз, кәсіпорынды жаңғырту қажет. Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыратын қаражат тұтынушының тарифіне енгізілген. Күрделі, ағымдағы жөндеулерге жұмсалатын қаржы тұтынушылардың қалтасынан шығады. Сондықтан монополияға қарсы қызмет мұны тексеріп, бақылап отырады», – дейді басқарманың басшысы. Бақыт Ілиясовтың айтуынша, тұрғындарға кешегі жағдай қайталанып, жарық тағы өшіп қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бүгінде орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірақ оның әсерін тұтынушылар байқамайды. Қазіргі уақытта 7 қазандық жұмыс істеп тұр. Бұл облыс аудандарын және Петропавлда электр қуатымен тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұған дейін Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апаттан 50 мыңға жуық тұрғынның жарықсыз қалғанын жазған едік.

https://www.inform.kz/

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp