«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕС БОКСШЫ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан боксшылар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға 10 қазақстандық спортшы шыққан болатын. Өкінішке қарай, олардың тең жартысы жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді. Жеңісті жолды жеңіл салмақтағы былғары қолғап шеберлері жалғастыруда. 

 

Алдымен 48 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов өзбекстандық Нодиржон Мырзахметовтың айласын асырып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 51 килограмда бақ сынаған Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов колумбиялық қарсыласын ұтып, келер кезеңге өтті. Ел үмітін үкілеген 54 килограмдағы Махмұд Сабырхан да  намысты қолдан бермеді. Жанкүйерлер арасында «Машина» деген лақап атқа ие болған жас талант бразилиялық Майкл Тринидадты қапы қалдырды. 57 килограмда Серік Теміржановтың айы оңынан туып, отандасымыз ресейлік Эдуард Саввиннен басым түсті. 67 килограмда құрамамыздың капитаны Абылай Жүсіпов моңғолиялық Чинзоринг Баттарсухийді тізе бүктірді. Ширек финалда ағайынды Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар, Асланбек Шымбергенов, Қанат Райыс пен Нұрбек Оралбай жеңіліп қалды.         

Аманжол НҰРТАЗИН,

«Soltüstık Qazaqstan».    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp