«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОРОНАВИРУС ҚҰРБАНЫ – 304 АДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста өткен тәулікте коронавирустан 5 науқас көз жұмды, осылайша соңғы үш жарым айдың ішінде 261 адам қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 2-сі күні өңірде коронавирус жұқтырудың жаңа 145 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Петропавлда 61 адам, Қызылжар ауданында – 18, Тайынша ауданында – 15 науқас анықталды. Жамбыл ауданында – 9, Есіл, Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандарында – 7,  Мамлют ауданында – 6 адам ауырған, қалған аудандарда азырақ.

Осылайша дерт жұқтырғандар саны 29090-ға жетті. Қазіргі уақытта қауіпті індетпен ауыратындарға арналған 1825 орын бар. Инфекциялық стационарлардағы орын 1755-тен 1600-ге дейін, жансақтау бөлімшелеріндегі орын 121-ден 115-ке дейін қысқартылды. Соңғы үш жарым айда коронавирустан қайтыс болғандар саны артып отыр. Індет басталғаннан осы жылдың 15 шілдесіне дейін 43 адам көз жұмса, шілдеден бүгінге дейін 261 науқас қайтыс болған. Мамандардың айтуынша, о дүниелік болғандардың 80 пайызы жасы 60-тан асқандар.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp