«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ КЕСІРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданы Новокаменкаауылыныңмаңында«Audi» көлігінің 1999 жылы туған жүргізушісі көктайғақтың салдарынан рөльге ие бола алмай аударылған. Апаттың салдарынан үш жолаушы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген, жолаушылардың біреуі оқиға орнында қайтыс болды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтайтын болады. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. «Қыстың келуіне және ауа райының суытуына байланысты жүргізушілерге жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру қажеттігі туралы ескертеміз», – дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Биыл жыл басынан бергі он айда облыс жолдарында 151 жол-көлік оқиғасы  тіркелген, салдарынан 28 адам қаза тауып, 206-сы жарақат алған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті

ішкі және сыртқы  коммуникациялар

бөлімінің инспекторы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp