«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қыс қандай болмақ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжарда биыл қыс қандай болмақ? Синоптиктер алдағы бес айға арналған ауа райы болжамын жасады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары Наталья Левина биылғы қыс климаттық нормаға сәйкес болатынын жеткізді. Мәселен, қараша айында ауаның орташа температурасы -6-8 градус шамасында болмақ. Жауын-шашын айдың басы мен ортасында көп жауып, қарашаның соңына дейін тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде.

– Желтоқсан айында боранды күндер басталады. Орташа ауа температурасы -12-14 шамасында, бұл – нормаға сәйкес. Алғашқы онкүндік айтарлықтай жылы болады, күндіз 0 мен -5 градус аралығында болса, екінші онкүндікте -15-ке дейін суытады. Түнде сынап бағанасы -25 градусқа дейін төмендемек. Ал үшінші онкүндікте күндіз -20-25 градус, түнде -35 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде,  – дейді Наталья Левина.

Қаңтар – қыс қаһарына мінетін мерзім. Синоптиктің айтуынша, биыл да жылдың бірінші айы аязды болады. «Ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді. Түнде сынап бағанасы -35-40 градусқа дейін төмендейді. Айдың орташа ауа температурасы нормаға сәйкес -17-20 градус шамасында болады. Жауын-шашын әдеттегідей жауады. Антициклонның салдарынан қалың қар түсіп боран тұрады. Ақпан айы да қаңтарға ұқсас. Ауа температурасы орташа -14-16 градус шамасында, – дейді Наталья Левина.

Наурыз – көктем айы болғанымен, солтүстік өңірде қардың көбесі сөгіле қоймайды. Бір сөзбен, сәуір болмай тәуір болмайды

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp