«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

17 жасар бозбала маскүнем анасының кесірінен үйінен қашқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл полициясында 124 қолайсыз отбасы есепте тұр. Биыл 18 адам ата-ана құқығынан айырылса, 4-еуінің құқығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазан күні Петропавл қалалық полициясына 17 жасар жасөспірімнің із-түзсіз жоғалғаны жайлы қалалық әкімдіктің білім бөлімі өкілінен арыз түскен. Бозбала үйінде 25 қазаннан бастап болмаған. Іздеуге ювеналдық және криминалдық бөлімнің жеке құрамы тартылды. Тәртіп сақшылары жоғалған жасөспірім болуы мүмкін деген жерлерді, таныстарын тексерді. Нәтижесінде 28 қазанда оны М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің жедел қызметкерлері тапты. Бозбаланың айтуынша, ол табыс табумен айналысқан. Анасы ішімдікке құмар және жарты жылға ата-ана құқығы шектелген екен. Осыған байланысты ол үйіне барғысы келмеген.

«Жыл басынан облыс орталығында ювеналдық полицейлердің жинаған материалдары бойынша 18 адам ата-ана құқығынан айрылып, 4-нің құқығы шектелді. Осының бәріне себеп – спирттік ішімдік ішу, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу бойынша міндеттерді орындамау. Қазіргі уақытта Петропавлда 124 қолайсыз отбасы есепте тұр. Әрқайсысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың қатаң бақылауында. Бұл жұмыс жасөспірімдердің бос уақыттары көп болатын күзгі демалыс кезінде күшейтілді», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева. Осы күндері Петропавлда «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, түнгі көшелер мен көңіл көтеру орындарына рейдтер жүргізеді. Екі күннің ішінде облыс орталығында жасөспірімдер жасаған 7 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Негізінен бұл кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерсіз түнде үйден тыс болуы.


https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp